Кітаптар

Бизнес симфония

Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар
Уақыты: 19.02.2022
Оқылды: 164 Печать страницы
Бизнес симфония

145 мың данамен сатылған «Екінші болма» кітабы мен 55 мың данамен сатылған «Құпия» кітабының авторы Қуаныш Шонбай оқырман қауымға үшінші кітабын ұсынып отыр. Бір ерекшелігі, қолыңыздағы кітапты Қуаныш Шонбай өзінің серіктесі, инфобизнес саласының маманы Мейірбек Бердібайұлымен бірігіп жазған. Осылайша, бизнестің симфониясынан сыр шертетін кітапта қос автордың білім-білігі мен мол тәжірибесі өзара жымдасып, өзгеше симфония туғызған. Қазақстандағы тұңғыш онлайн университеттің негізін қалап, екі жылда 60 мыңға жуық студенттің заманауи білім алуына жол ашқан авторлар аталмыш кітапта әрбір кәсіпкер ескеруге тиіс қағидалар туралы сөз қозғайды. Идея іздеп, бизнес бастауға ниеттеніп жүрген жандарға дайын формула ұсынады. Сонымен қатар сатылымды арттырып, табысты көбейтетін 58 инструмент қоса берілген. Кітап кәсіпкерлерге, бизнес бастағысы келетін кісілерге және кәсіптің қыр-сырына қанығам деген қалың жұртшылыққа арналған.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика