Кітаптар
Иманғалиұлы Нұртілеу. Бай-қуатты болайық!
Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар | |
Уақыты: 23.01.2025 | |
Оқылды: 147 | Печать страницы |

Иманғалиұлы Нұртілеу. Бай-қуатты болайық! құраст.:Қ.Табулдинова. – Алматы : Принт-плюс, 2024. – 344 бет : +48 бет сурет.
Белгілі тележурналист, қоғам қайраткері болған көрнекті тұлға өзінің 70 жылдық мерейтойына орай жоспарлап жүрген бұл жинағына жарты ғасырдай еңбек еткен телевизия саласының түрлі мәселелерін және оны шешуге, дамытуға қатысты өз пайымдауларын енгізген. Мұнда сондай-ақ кәсіби қызметінде, өмірде сыйласа білген қимас замандастары жайлы пікірлері мен әріптестерінің ол туралы тамаша толғаныстары жинақталған. Басылымдарда жарық көрген сұхбаттары да іріктеліп оқырманға ұсынылып отыр. Тележурналистің ақындық қырымен де жинақтан танысуға болады.
Жинақ жалпы оқырманға өз замандастары мен журналистік саланы кәсіп еткен барша маманға арналады.