Кітаптар
Сауытқали. Адалбақан: өлеңдер, поэма, повестер / құраст.: Д.Мұхаметшаров
Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар | |
Уақыты: 23.01.2025 | |
Оқылды: 34 | Печать страницы |

Айманбетов Сауытқали. Адалбақан: өлеңдер, поэма, повестер / құраст.: Д.Мұхаметшаров. – Алматы : Жамбыл, 2024. – 272 бет.
Ақын жанды адамның жүрегі нәзік, әсершіл, өр сөйлеп, өктем көрінеді десек те, әр бүршік жарған гүлден бастап, срағайып үзілген жапырақтарға дейін жан ауыртып тебіренетін олардай жан жоқ шығар. Ал, ұлт тағдыры, ел намысы дегенде мүлде басқаша түрленіп, шығатын сөздері рухтың мықтылығынан өзектің нақтылығынан байқалса керек. Осы тұрғыда марқұм ұлағатты ұстаз, саяткер, әдебиетке жақын ақын жанды Сауытқали Айманбетов ағамыздың әңгімелері, повесі мен жыр жинағынан осы нәзік жүрек пен өр рухты байқайсыз. Оның толғаулары, мысал аңыздары мен өміршең өлеңдеріндегі тақырып өзектілігі әрдайым алдыңғы орында тұр.
Сондықтан да ұстаздың өзі өмір сүрген ғасырдағы еркін сөз, еркін ой, еркін пішінмен жазылған жырларының ұшқыны бүгінгі ғасырдағы «Рухани жаңғыру жылында» оқырмандар жүрегіне жігер, жанымызға жылу берері анық.