25 желтоқсан 2019 жылы
Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан I. Jansúgirov. 125 jyl, коллекциялық монетасын айналымға шығарды.
Бұл монета қазақ әдебиетінің классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы. қазақ тарихындағы әйгілі тұлғаІлияс Жансүгіров туғанына 125 жыл толуына арналған.
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазбалар бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE деген жазбалар орналасқан.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның стильдендірген контурлы картасының аясында портреттік бейнесі, қазақ киіз үйінің элементтері (кереге), қазақ киіз үйінің сәні (басқұр) ретінде орындалған 125 JYL деген жазбалар және соғылған жылын білдіретін "2019" деген жа...
|