І. Жансүгіров

Ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» кітап фестивалі өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай ақынның өшпес мол мұраларын насихаттау мақсатында зиялы қауым, ілиястанушылар, студент жастардың қатысуымен «Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» тақырыбында кітап фестивалі өтті. Фестиваль барысында «Ілияс – қазақ құлагері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұражайынан ақынның қолданған заттарынан жылжымалы көрме қойылып, шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Фестивальді Алаштанушы, «Qyr balasy» білім, ғылым қоғамдық қорының құрылтайшысы Ертай Біләл жүргізіп, арнайы ақын мұраларын зерттеп-зерделеп жүрген филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Имангазиновтың «Ұлттық құндылықтарының маңыздылығы», философия докторы, ілиястанушы, жазушы Елдос Тоқтарбайдың «Ілиястанудың кейбір мәселелері», ақын, жазушы, өлкетанушы...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: І.Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтой хроникасы Уақыты: 12.11.2024

І.Жансүгіров 125 жыл

25 желтоқсан 2019 жылы Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан I. Jansúgirov. 125 jyl, коллекциялық монетасын айналымға шығарды. Бұл монета қазақ әдебиетінің классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы. қазақ тарихындағы әйгілі тұлға Ілияс Жансүгіров туғанына 125 жыл толуына арналған. Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазбалар бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE деген жазбалар орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның стильдендірген контурлы картасының аясында портреттік бейнесі, қазақ киіз үйінің элементтері (кереге), қазақ киіз үйінің сәні (басқұр) ретінде орындалған 125 JYL деген жазбалар және соғылған жылын білдіретін "2019" деген ж...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: І.Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтой хроникасы Уақыты: 24.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика