І. Жансүгіров
І.Жансүгіров 125 жыл
25 желтоқсан 2019 жылы
Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан I. Jansúgirov. 125 jyl, коллекциялық монетасын айналымға шығарды.
Бұл монета қазақ әдебиетінің классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы. қазақ тарихындағы әйгілі тұлға Ілияс Жансүгіров туғанына 125 жыл толуына арналған.
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазбалар бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE деген жазбалар орналасқан.
Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның стильдендірген контурлы картасының аясында портреттік бейнесі, қазақ киіз үйінің элементтері (кереге), қазақ киіз үйінің сәні (басқұр) ретінде орындалған 125 JYL деген жазбалар және соғылған жылын білдіретін "2019" деген жазбалар.
Монета мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы - 11,17 грамм, диаметрі - 31 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, таралымы - 7000 дана. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Brilliant uncirculated дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады. Коллекциялық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.