Кітапханаға жазылу
КІТАПХАНАҒА ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ?
Әр азамат жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан кітапхананың пайдаланушысы бола алады.
Кітапхананың қызметін пайдалану үшін тіркеу бөлімінен оқырман билетін алу қажет.
Азамат кітапханаға тіркелу үшін қандайда бір жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі керек.
Кітапханаға жазылу автоматтандырылған тәртіпте жүзеге асырылады, сонымен қатар теңдессіз штрихкодымен бірыңғай пластикалық билет беріледі.
Әр азамат кітапхананың оқырманы бола алады, алайда абонемент бөлімінен көркем әдебиетті уақытша пайдалану үшін үйге алғыңыз келсе, міндетті түрде Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркелімі болуы қажет. Ал қалған қызметтер барлық оқырмандарға қол жетімді.
Сондай-ақ, кітапханада пайдаланушыларға қашықтық тәртібінде қызмет көрсетуге мүмкіндік беріледі.
Қалай қашықтықтағы оқырман болуға болады?
Егер Сіз Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының тұрақты оқырман билетін алғыңыз келсе, okuzaly.19@mail.ru атты электрондық порталымызға өтінім жасап, мына мәліметтерді жіберіңіз: аты-жөні, туған жылы, білімі, оқу орны немесе жұмыс орны, тұрғылықты мекен-жайы, егер мүмкіндігіңіз болса, 3х4 фотосуретін е-көшірмесі және электронды поштаңыздың мекен-жайы.
Кітапханадағы қызметтерді пайдалану үшін қашықтықтан жазылған пайдаланушы оқырман билетінің нөмірін алады. Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының оқу залдарына өту үшін нөмір бойынша оқырман билетті алуға мүмкіндігі болады.