Кітапхана тарихы

Жетісу облысы Сакен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының тарихы

1946 жылы Алматы қаласындағы «Малая станица» деп аталатын елді мекеннің ауылдық кітапханасы болып құрылудан басталған.
1949 жылдан бастап арнайы Алматы облыстық кітапханасы болып ашылды.

2003 жылдың 28 – сәуірінде облыс әкімінің No20 бұйрығымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына көшіп келуіне
байланысты кітапхана Талдықорғанға көшіріліп, Сакен Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мәртебесіне ие болды.

Жетісу облысы 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы
Президенті Қ. К. Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына айтылған Жолдауы негізінде Алматы облысынан бөлінудің нәтижесінде құрылды. Жетісу облысы әкімінің 2022 жылғы 15 қыркүйек No 32 Жетісу облысы
мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыны тиісті мекемелерді құру Қаулысы негізінде «Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы» коммуналды мемлекеттік мекемесі атауымен
құрылу тарихын бастады.

Жетісу облысы бойынша барлық кітапханалар саны — 147, 1 облыстық оның ішінде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі, 6- қалалық 8- аудандық, 8- балалар,124- ауылдық мекемелер
кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуге, оқырмандарды қажетті әдебиеттер мен ақпараттармен қамтамасыз етуге, халықаралық стандарттарға сәйкес қор құру, тиімді қызмет көрсетуде.

Облыс кітапханасы бойынша жалпы кітап қоры 2 млн. 777 мың 729, о.і. мемлекеттік тілде – 1 млн. 165 мың 870 дананы құрайды.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының жалпы кітап қоры – 200 983, о.і.мемлекеттік тілде 49 688 дана кітапты құрайды.

Облыс кітапханаларының негізгі көрсеткіштері:
Оқырман саны – 203 616
Кітап берілімі – 3 822 652
Келушілер саны – 1 830 863
Жаңа түскен әдебиеттер саны – 36 588

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика