2025 жылға арналған атаулы және атаулы күндер күнтізбесі

 

Алғы сөз

 

      Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі 2025 жылы аталып өтілетін мерейтойлық және еске алынатын күндерге арналған  күнтізбені құрастырды.

       Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар,  мемлекеттің қалыптасуы мен  нығаюына зор үлес қосқан танымал тұлғалардың, ғылым, өнер және әдебиет пен мәдениеттің көрнекті қайраткерлерінің  мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар, Кеңес Одағы Батырлары, Қазақстан Республикасының  ұлттық, мемлекеттiк, кәсiптік және өзге де мерекелі күндері берілген.

Күнтізбеде облысымыздың тарихындағы, мәдениетіндегі  көрнекті даталарыда берілген. 

Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен тарихи оқиғалар тізімі» жеке топтастырылған.

Нақты  күні мен айы  белгілі  және  белгісіз  даталар хронологиялық тәртіппен жеке топтастырылған.

Күнтізбе мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, мұғалімдерге, мектеп оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне және жалпы оқырман  қауымға арналаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  МЕРЕКЕЛЕР

 

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәкес біздің елде ұлттық мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер – Қазақстан мемлекеттігін дамытуға ықпал ететін ерекше терихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасын Тәуелсіздік күні болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Ресубликасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.

Кәсіби және өзге мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер. Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ

 

25 қазан

Республика күні

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕЛЕРІ

 

1-2 қаңтар

Жаңа жыл      

8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз

Наурыз мейрамы

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр

Отан қорғаушы күні

9 мамыр

Жеңіс күні

6 шілде

Астана күні

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

16 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕРІ

 

10 қаңтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні

1 ақпан

Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні

2 ақпан

Ұлттық баспасөз күні

15 ақпан

Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылған күні

1 наурыз

Алғыс айту күні

14 наурыз

Көрісу күні

9 наурыз

Жерге орналастыру геодезия және картография күні (наурыздың екінші жексенбісі)

4 сәуір

Геологтар  күні (сәуірдің бірінші жексенбісі)

12 сәуір

Ғылым қызметкерлері  күні

16 сәуір

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні

21 сәуір

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні

23 сәуір

 Ұлттық кітап күні

11 мамыр

 Аналар күні (мамырдың екінші жексенбісі)

17 мамыр

  Байланыс жән ақпараттандыру қызметкрлері күні

20 мамыр

Метрология қызметкерлерінің күні

21 мамыр

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

25 мамыр

Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні (мамырдың соңғы жекенбісі)

31 мамыр

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

4  маусым

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

5 маусым

Экологтар күні

6 маусым

Қаржы полициясы күні

7 маусым

Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні

9 маусым

Мемлекттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің  әскери  қызметшісі мен  қызметкерінің күні.

8 маусым

 Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні

 (маусымның екінші жексенбісі)

Малшылар күні (маусымның екінші жексенбісі)

15 маусым

Медицина қызметкерлерінің күні

(маусымның үшінші жексенбісі)

15 маусым

Әкелер күні (маусымның үшінші жексенбісі)

23 маусым

Мемлекеттік қызметшілер күні

23 маусым

Полиция күні

24 маусым

Судья және сот қызметкері күні

28 маусым

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

2 шілде

Дипломатиялық  қызмет күні

6 шілде

Ұлттық домбыра күні (шілденің бірінші жексенбісі)

9 шілде

Су шаруашылығы қызметкерлері күні

10 шілде

Ветеринарлық қызметкерлер күні

13 шілде

Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні (шілденің екінші жексенбісі)

13 шілде

ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні

14 шілде

Нотариат күні

20 шілде

Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)

27 шілде

Сауда қызметкерлерінің күні (шілденің төртінші жексенбісі)

3 тамыз

Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)

10 тамыз

Абай күні

10 тамыз

Құрылысшылар күні (тамыздың екінші жексенбісі)

17  тамыз

Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)

18 тамыз

Шекарашылар күні

29 тамыз

Семей ядролық сынақ полигонынның жабылған күні

31 тамыз

Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі)

1 қыркүйек

Білім күні

5 қыркүйек

Қазақстан халқы тілдерінің күні

7 қыркүйек

Аңшылық қызметкерлерінің күні (қыркүйектің бірінші сенбісі)

7 қыркүйек

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектің бірінші жексенбісі)

14 қыркүйек

Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі)

28 қыркүйек

Еңбек күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі)

28 қыркүйек

  Машина жасаушылар күні (қыркүйектің соңғы  жексенбі)

28 қыркүйек

Атом саласының қызметкерлерінің күні

30 қыркүйек

Әділет органдары қызметкерлерінің күні

1 қазан

Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні

1 қазан

Радио күні

5 қазан

Мұғалімдер күні

6 қазан

Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

10 қазан

Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

14 қазан

Стандарттау қызметкерлерінің күні

16 қазан

Нан күні

19 қазан

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні (қазанның үшінші жексенбісі)

19 қазан

Құтқарушылар күні

24 қазан

Кітапханашылар күні

26 қазан

Әлеуметтік қорғау  жүйесі қызметкерлерінің күні (қазанның соңғы жексенбісі)

29 қазан

Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні

5 қараша

Сыртқы барлау қызметі күні

8 қараша

Статистика күні

10 қараша

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні

11 қараша

Энергия үнемдеу күні

15 қараша

Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлері күні

15 қараша

Бұрғылаушы күні (қарашаның үшінші сенбісі)

16 қараша

Ауыл-шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні (қарашаның үшінші жексенбісі)

18 қараша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні

5 желтоқсан

Адвокатура күні

6 желтоқсан

Прокуратура  күні

12 желтоқсан

Кеден органдары қызметкерлері күні

21 желтоқсан

Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі)

20 желтоқсан

ҚР мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні

22 желтоқсан

Архившілер күні

 

 

 

 

 

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ БҮКІЛӘЛЕМДІК МЕРЕКЕЛЕР

 

26 қаңтар

Халықаралық кеденшілер күні

4 ақпан

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

21 ақпан

Туған тілдің халықаралық күні

1 наурыз

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні

3 наурыз

Дүниежүзілік жазушылар күні

15 наурыз

Бүкіләлемдік тұтынушылар құқығын қорғау күні

21 наурыз

Халықаралық нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрес күні

22 наурыз

Бүкіләлемдік суды қорғау күні

24 наурыз

Халықаралық туберкулезбен күрес күні

27 наурыз

Халықаралық  театр күні

30 наурыз

Жерді қорғау күні

1 сәуір

Халықаралық құстар және күлкі күні

2 сәуір

Халықаралық балалар кітабы күні

2 сәуір

  Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату

  күні 

6 сәуір

Халықаралық спорт күні

7 сәуір

Бүкіләлемдік денсаулық күні

11 сәуір

Фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні

12 сәуір

Бүкіләлемдік авиация мен Ғарышкерлер күні

15 сәуір

Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

22 сәуір

Бүкіләлемдік Жер күні

23 сәуір

Халықаралық кітап және автор құқығын қорғау күні

24 сәуір

Халықаралық жастар ытымақтастығы күні

26 сәуір

Нашақорлық пен Есірткі бизнесіне қарсы күрес күні

29 сәуір

Халықаралық би  күні

3 мамыр

Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күні

5 мамыр

Халықаралық мүгедектер құқықтары үшін күрес күні

8 мамыр

Бүкіләлемдік Қызыл крест пен  Қызыл жарты ай күні

15 мамыр

Халықаралық отбасы күні

18 мамыр

Халықаралық мұражай күні

31 мамыр

Халықаралық мәдениет күні

1 маусым

Халықаралық балаларды қорғау күні

5 маусым

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні

23 маусым

Бүкіләлемдік Олимпиада күні

26 маусым

Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күні

27 маусым

Бүкіләлемдік балықшылар күні

1 шілде

Халықаралық кооперативтер күні

11 шілде

Бүкіләлемдік халықтың тұрақтану күні

6 тамыз

Бүкіләлемдік ядролық  қаруға қарсы күрес күні

9 тамыз

Бүкіләлемдік жергілікті халық күні

12 тамыз

Халықаралық жастар күні

8 қыркүйек

Халықаралық сауаттандыру күні

8 қыркүйек

Халықаралық журналистер ынтымақтастығының күні  

8 қыркүйек

Бүкіләлемдік бейбітшілік күні

9 қыркүйек

Бүкіләлемдік сұлулық күні

9 қыркүйек

Бүкіләлемдік фашизм құрбандарын еске алу күні

18 қыркүйек

Дүниежүзілік теңіз күні

27 қыркүйек

Бүкіләлемдік туризм күні

30 қыркүйек

Халықаралық аудармашы күні

1 қазан

Халықаралық  қарттар күні

1қазан

Халықаралық музыка күні

3 қазан

Халықаралық баспана күні

4 қазан

Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні

4 қазан

Бүкіләлемдік сәулет күні

5 қазан

Халықаралық дәрігерлер күні

9 қазан

Дүниежүзілік почта күні

10 қазан

Халықаралық табиғи апаттар қаупін кеміту күні

14 қазан

Халықаралық стандарттау күні

17 қазан

Халықаралық кедейшілікке қарсы күрес күні

18 қазан

Рухани келісім күні

24 қазан

Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымының  күні

29 қазан

Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

13 қараша

Дүниежүзілік сапа күні (қараша айының екінші бейсенбісі)

10 қараша

Бүкіләлемдік жастар күні

13 қараша

Халықаралық зағиптар күні

14 қараша

Дүниежүзілік диабетпен күрес күні

15 қараша

Халықаралық темекіден бас тарту күні

16 қараша

Халықаралық  толеранттық күні

17 қараша

Дүниежүзілік философия күні

17 қараша

Халықаралық  студенттер күні

21 қараша

Халықаралық  теледидар күні

25 қараша

Халықаралық әйелдерге жасалатын қиянатқа қарсы күрес күні

26 қараша

Бүкіләлемдік ақпарат күні

30 қараша

Дүниежүзілік ақпарат күні

1 желтоқсан

Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күні

3 желтоқсан

Халықаралық мүгедектер күні

9 желтоқсан

Жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні

10 желтоқсан

Дүниежүзілік адам құқығы күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың басты оқиғалары мен атаулы күндері

  • Әбу- Насыр Әл-Фараби – әлемге әйгілі ойшыл, философ, физик, социолог, математик, туғанына 1155 жыл (870 – 950)

 

  • Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл (1465)

 

  • Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, туғанына 180 жыл (1845-1904)

 

  • ¥лы Отан соғысының аяқталғанына, Ұлы Жеңіске,         

80 жыл (1941-1945)

-     Қазақстан Республикасы Конституциясының

            қабылданғанына 30 жыл (1995).

 

  •  Қазақстанда 2025 жыл  жұмысшы мамандықтар жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл

 

Описание: C:UsersПКDesktoped7c3c73-2525-464b-b757-35bfe32d62f0.jpg 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясы еліміздің негізгі Заңы болып табылады. Ол конституциялық құрылыс пен оның негіздерін, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын, мемлекеттік ұйымдастыру негіздерін, сондай-ақ билікті жүзеге асыруды ұйымдастырудың негіздерін бекітуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы басқа құқықтық актілерге қатысты жоғарғы заң күшіне ие: елімізде қабылданатын бір де бір құқықтық акті (конституциялық заң, ҚР Президентінің Жарлығы, өңірілк құқықтық шығармашылық актісі, сот шешімі және т.б.)

Негізгі Заңға қайшы келе алмайды, ал қайшы келген жағдайда (заңды коллизия) Конституция нормалары басымдылыққа ие болады. ҚР Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің ядросы, ағымдағы (салалық) заңнаманы дамытудың негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Әбу Насыр Әл-Фараби – 1155 жыл

 

Описание: C:UsersПКDesktopVr-N1DC4FTg.jpg Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, ПарсыИракАраб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философиялогикаэтикаметафизикатіл біліміжаратылыстанугеографияматематикамедицинамузыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.

 

 

Жүсіп Баласағұни – 1005 жыл

 

Описание: C:UsersПКDesktopimage_l.jpg  Жүсіп Баласағұни (1020) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Ол философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты.

 

 

Орақты батыр – 605 жыл

 

Описание: C:UsersПКDesktopОрақты Бартыр.jpg Орақты Әлшағырұлы (шамамен 1420-1501) жылдары өмір сүрген. Орақты батыр XV ғасырдың орта тұсында Алтын Орда хандығы ыдырап, оның құрамындағы ірі тайпалар Керей және Жәнібек сұлтандардың басшылығымен Шу бойына қарай үдере көшкен 1455-1456 жылдары алаштың ел қорғаған қалың әскеріне басшылық жасаған қаһармандарының бірі. 1465 жылы шаңырақ көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосып, ойрат басқыншыларына қарсы шайқастарда ерлік көрсеткен. Ол туралы СүйінбайБақтыбай, т.б. ақындар толғаулар айтса, халық ақыны Қ.Жапсарбаев «Орақты батыр» атты дастан, жазушы О.Исмаилов повесть жазды. 1995 жылы Орақты Әлшағырұлының 575 жылдығы аталып өтіп, Балқаш ауданындағы Жиделі ауылында оған ақ мәрмәрдан ескерткіш белгі орнатылды. Батыр жерленген шоқы бұрыннан «Орақты төбе» деп аталады.

2020 жылы Орақты батырдың 600 жылдығына орай Алматы облысы әкімінің қолдауымен «Орақты батыр» атты кітап жарық көрді. Құрастырушылары: Серік Сарыбай, Гүлжан Қызайбай.

Талдықорған қаласындағы бір көшеге батыр есімі берілген.

 

 

 

 

Қадырғали Жалаири – 495 жыл

Описание: C:UsersКулянDesktopЖалаири.jpg Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы әрі атақты биі, арғы тегі Жалайыр деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы «Жылнамалар жинағын» жазып бітірген.

Туған жері – Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батыры болған.

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы, түркі, орыс тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген, ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта ЖалайырКерей көлі, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда («Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама» заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи ШуІлеҚаратал өзендерінің жағалауына келіп орналасқан.

Сүйінбай Аронұлы – 210 жыл

 

Описание: C:UsersПКDesktop�94f75a90384d6c5a0d58834203d1c5c.jpg Сүйінбай Аронұлы – әйгілі ақын, айтыс өнерінің майталманы. Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекенінде 1815 жылы дүниеге келіп, сол атамекенінен 1898 жылы топырақ бұйырған.

Сүйінбай айтыскер ақындығына қоса эпикалық жырлардың асқан шебері болған. Елдік мұратты көксеп, бастарын бәйгеге тіккен Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық батырлар туралы көшелі жырлар шығарған. Ал, Қатаған ақынмен, Тезек төремен арадағы айтыстары айтыс өнерінің тамаша үлгілері болып саналады. Сүйінбайдың шешендік тапқырлықтары, ғибратты нақылдары, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық сықақ өлеңдері оның заманы мен қоғамына белсене аралсып отырған сергектігін білдіреді. Әйгілі Жамбыл ақын: «Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай...» деп, оны өзіне ұстаз тұтқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай (ИбраһимҚұнанбайұлы – 180 жыл

Описание: C:UsersПКDesktopБез названия (4).jpg Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді.  

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой бұрмағаны байқалады. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айтарлықтай мұра қалдырды.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-жылдарда орыс демократтары  Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абай осылайша Европаның Гете,  Байрон  сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының еңбектерін зерттеген.

 

Айы, күні белгісіз аталып өтілетін мерейтойлар

 

 870-950

Әбу Насыр Әл-Фараби, әлемге әйгілі ойшыл, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, музыка зерттеушісі, туғанына 1155 жыл

 1020-1075

Баласағұни Жүсіп, түркі ақыны, ойшыл ғалым, туғанына 1005 жыл

1155/62-1227

Шыңғыс хан Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, қолбасшы,  саясаткер, туғанына  870  жыл  

 1170-1223

Мұқали (Мұқылай, Мұқылы Гауин), қолбасшы,  Жалайыр тайпасынан шыққан, туғанына 855 жыл

 1420-1501

Әлшағырұлы Орақты, батыр,  туғанына 605 жыл

Көксу ауданы

  1420- ө.ж.б.

Сүйінішұлы Қазтуған, жырау, туғанына 605 жыл

 1445-1518

Қасым хан, қазақ ақыны, Қазақ хандығының  негізін салушылардың бірі, Жәнібек ханнын баласы, туғанына 580 жыл

 1530-1605

Жалаири Қадырғали, орта ғасырдағы қазақ ғалымы, тұңғыш тарихшы, белгілі би, туғанына 495 жыл, Жетісу облысы

  1675-1768

Ақтамберді жырау, туғанына 350 жыл

1690-1770

Дарабоз Ана, би, шешен, туғанына 335 жыл,

Көксу ауданы

1690 -1740

Абдоллаұлы Жолбарыс, Ұлы  жүздің ханы, туғанына 335 жыл

1705-1790

Жайнақ батыр,  Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға қатысқан батыр, туғанына 320 жыл,

Қаратал ауданы

1705 -1785

Түкеұлы Райымбек, жоңғар басқыншылығына қарсы қүрескен қазақ батыры, туғанына 320 жыл

1760-1825

Тағайұлы Мықтыбек, би, батыр, туғанына 265 жыл Қаратал ауданы

1790-1856

Сайымбелекұлы Абақ, Жетісу өңіріндегі атақты билердін бірі, туғанына 235 жыл

1800 -1876

Қапсалаңұлы Диқанбай, би, батыр, туғанына 225 жыл  Жетісу өңірі

1810-1890

Бектұрұлы Байтұрбай, би, туғанына 215 жыл,

Көксу ауданы

1815-1860

Қазанғапұлы Тәттімбет,  күйші-композитор, домбырашы, халық күй өнерінің классигі, туғанына 210 жыл

1815-1898

Сүйінбай Аронұлы, халық ақыны, туғанына 210 жыл

1815-1864

Сұраншы батыр Ақынбекұлы, қазақ батыры, туғанына 210 жыл

1820-1879

Тезек төре, Тезек Нұралин, аға сұлтан туғанына 205 жыл

1820-1887

Шығайұлы Даулеткерей композитор, күйші, туғанына 205 жыл

1835-1902

Бақтыбай Жолбарысұлы, айтыс ақыны, туғанына

190 жыл

1835-1929

Байжанұлы Жаяу Мұса, халық әншісі, ақын, туғанына 190 жыл                                                                                                                                                            

1855-1916

Саурықұлы Ұзақ,  батыр, қолбасшы, 1916 ж. Жетісудағы Қарқара көтерілісі ұйымдастырушыларының бірі, туғанына 170 жыл, Жаркент уезі

1860-1930

Сандыбайұлы Үкілі Ыбырай,  қазақтың халық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, туғанына 165 жыл

1865-1952

Шашубай Қошқарбаев,  қазақтың белгілі айтыскер ақыны, сазгер, әнші, туғанына 160 жыл

1875-1921

Қараш Ғұмар, ақын, қоғам қайраткері, туғанына 150 жыл

1870-1925

Өтепов Тәшен,  қоғам қайраткері, туғанына 155 жыл, Жетісу өңірі

1900-1933

Садуақасұлы Смағұл  мемлекет және  қоғам қайраткері, жазушы, туғанына 125 жыл

1905-1981

Жексембекұлы Артық,  айтыскер ақын, туғанына 120 жыл, Ескелді ауданы

1905 -1961

Еркінбеков Дүйсенбек, жазушы туғанына 120 жыл

Ақсу ауд.

1975

Облыстық Б.Римова атындағы драма театрына 50 жыл

1985

Ш. Уәлихановтың мемориалдық кешеніне 40 жыл

 

Қазақстанның әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдарының

 мерейтойлары

 

қаңтар

1 қаңтар

«Казахстанская правда» республикалық қоғамдық-саяси газетіне 105 жыл  (1920)

5 қаңтар

Мырза-Әлі Қадыр,  Қазақстанның халық жазушысы, ақын, туғанына 90 жыл (1935–2011)

5 қаңтар

Еркінбеков Жексенбек, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 95 жыл (1930-2018)

7 қаңтар

Жандарбеков Құрманбек, әнші, актер, режиссер, Қазақстанның  халық әртісі, туғанына 120 жыл (1905-1973)

10 қаңтар

Есенберлин Ілияс, жазушы,  туғанына 110 жыл (1915-1983)

12 қаңтар

Досанов Сәбит, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, туғанына 85 жыл (1940- 2024)

17 қаңтар

Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлы, режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 85 жаста (1940)

29 қаңтар

Жандосов Санжар Оразұлы, коғам және мемлекет қайраткері, туғанына 95 жыл (1930-1992)            

ақпан

2 ақпан

Мағауин Мұхтар,  жазушы, ғалым,  Қазақстанның халық жазушысы, 85 жаста (1940)  

13 ақпан

Хасанғалиев Ескендір, әнші, композитор, Қазақстанның халық артисі, туғанына 85 жыл (1940-2021)

15 ақпан

Бекмаханов Ермұқан,  тарихшы, тарих ғылымы-ның докторы, профессор, туғанына 110 жыл (1915-1966)

16 ақпан

Левин Моисей, театр суретшісі, кинорежиссер, Қазақстанның халық суретшісі, туғанына 130 жыл (1895-1946)

наурыз

1 наурыз

Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл  (1995)

6 наурыз

Мергенов Еркін, мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі, туғанына 85 жыл (1940- 2015)

6 наурыз

Медетбек Темірхан ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері,  80  жаста (1945)

13 наурыз

Саттарова Сәлима, актриса, Қазақстанның халық артисі, туғанына 105 жыл (1920-1985)

16 наурыз

Қапалбекұлы Нағашыбек, жазушы 75 жаста (1950)

20 наурыз

Молдағалиев Тұманбай, ақын, жазушы туғанына 90 жыл (1935-2011)

21 наурыз

Шаңғытбаев Қуандық Қазақстанның халық жазушысы, ақын, туғанына 100 жыл (1925- 2001)

29 наурыз

Ақсұңқарұлы Серік, ақын 75 жаста (1950)

29 наурыз

Әмірбек Көпен, ақын, сатирик туғанына 75 жыл (1950-2022)

30 наурыз

Нәрікбаев Мақсұт, Мемлекет қайраткері, заңгер, туғанына 85 жыл (1940-2015)

сәуір

1 сәуір

Тілендиев Нұрғиса, композитор, туғанына 100 жыл (1925-1998)

9 сәуір

Қабышұлы Ғаббас жазушы, публицист, аудармашы, сыншы,  90 жаста ( 1935 )

10 сәуір

Досмағамбетов Төлеген, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 85 жыл (1940-2001)

15 сәуір

Бақбергенов Сәуірбек, Қазақстанның халық  жазушысы, туғанына 105 жыл (1920-1997)

19 сәуір

Мекебаев Адам, жазушы, туғанына 85 жыл (1940-2014)

22 сәуір

Мұқанов Сәбит, қазақ жазушысы, туғанына 125 жыл (1900-1973)

25 сәуір

Бокин Тоқаш, қоғам қайраткері, туғанына 135 жыл (1890-1918)

мамыр

5 мамыр

Бердіғалиева Роза Аманғалиқызы,  кітапханашы, кітапхана ісінің қайраткері, туғанына 80 жыл (1945-2015)

7 мамыр

Сидоркин Евгений Матвеевич, график-суретші, Қазақстанның халық суретшісі, туғанына 95 жыл (1930-1982)

9 мамыр

Мырзахметұлы Мекемтас, абайтанушы, филология ғылымының докторы, 95 жаста (1930)

19 мамыр

Сергебаев Ескен Аманжолұлы, мүсінші, 85 жаста (1940)

маусым

1 маусым

Байбосынов Қайрат, әнші, Қазақстанның халық артисі, 75 жаста  (1950)

1 маусым

Әбиев Ермек, суретші, туғанына 65 жыл (1960-1985)

4 маусым

Ібітанов Еркін ақын, туғанына 90 жыл (1935- 2009)

10 маусым

Нұрмағамбетов Тынымбай жазушы, 80 жаста (1945)

13 маусым

Қыдырбекова Балнұр, композитор, филология ғылымдарының кандидаты, 70 жаста (1955)

15 маусым

Ақыш Нұрдаулет, жазушы 75 жаста (1950)

16 маусым

Оразалин Кәмен, жазушы туғанына 105 жыл

(1920-2008)

шілде

6 шілде

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, 85 жаста (1940) 

12 шілде

Айтжан Түркебаев, қоғам қайраткері, туғанына  125 жыл  (1900-1937)

Тамыз

10 тамыз

Құнанбайұлы Абай (Ибраһим),  ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, туғанына 180 жыл (1845-1904)

15 тамыз

Қалдаяқов Шәмші,  композитор, Қазақстанның халық әртісі, туғанына 95 жыл (1930-1992)  

25 тамыз

Исабаев Қалмұқан, жазушы, прозаик, туғанына 100 жыл (1925-2015)

қыркүйек

5 қыркүйек

Молдағалиев Жұбан Қазақстанның Халық жазушысы, ақын  туғанына 105 жыл  (1920-1988)

12 қыркүйек

Әбдірайым Толымбек жазушы, 70 жаста  (1955)

13 қыркүйек

 

Серкебаев Мұрат Бекмұхамедұлы,  халық әртісі, дирижер, композитор 85 жаста (1940)

19 қыркүйек

Тоқмағамбетов Асқар,  ақын, жазушы туғанына 120 жыл (1905-1983)

22 қыркүйек

Айтұлы Несіпбек,  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 75 жыл (1950-2023)

қазан

3 қазан

Байзақов Иса,  ақын, әнші, домбырашы, композитор, туғанына 125 жыл (1900-1946)  

5 қазан

Тоғысбаев Тоқболат Төлепбайұлы, кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 85 жыл (1940-1996)

10 қазан

Шаштайұлы Жұмабай, жазушы туғанына 75 жыл (1950-2024)

13 қазан

Тоқпанов Асқар,  қазақтың тұңғыш режиссеры, педагог, туғанына 110 жыл (1915-1994)

15 қазан

Сәрсенбаев Әбу,  ақын, жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 120 жыл (1905-1995)

25 қазан

Әбілтаев Жақып, актер, режиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі, туғанына 115 жыл (1910-1982)

 

қараша

3 қараша

Уәлиханов Шоқан, ғалым, туғанына 190 жыл (1835-1865)

10 қараша

Уайдин Үмбетбай, жазушы, журналист, фельетоншы, туғанына  90 жыл (1935-2018)

12 қараша

Брусиловский Евгений,  композитор, Қазақ ССР халық әртісі, туғанына 120 жыл (1905-1981)

15 қараша

Ғабдуллин Мәлік,  ғалым, педагог, жазушы,  Кеңес Одағының Батыры, туғанына 110 жыл (1915-1973)

17 қараша

Байпаков Карл, археолог, туғанына 85 жыл (1940-2018)

20 қараша

Қойшыбаев Бейбіт, жазушы, публицист, ғалым 80 жаста (1945)

22 қараша

Лушникова Надежда, айтыс ақыны, 85 жаста (1940)

24 қараша

Бегалин Сапарғали, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, туғанына 130 жыл (1895-1983)

25 қараша

Дулатов Міржақып,  қоғам қайраткері, ақын, жазушы, туғанына 140 жыл (1885-1935)

25 қараша

Есбаев Әбілахат, композитор, туғанына 100 жыл (1925-1976)

28 қараша

Нәжімеденов Жұмекен,  ақын, жазушы, туғанына 90 жыл (1935-1983)

желтоқсан

7 желтоқсан

Хлудов Николай, суретші, туғанына 175 жыл (1850-1935)   

11 желтоқсан

Дячкин Андрей, график –суретші, 95 жаста (1930)

12 желтоқсан

Құл-Мұхамед Мұхтар Абрарұлы, мемлекет және қоғам қайраткері 65 жаста (1960)

15 желтоқсан

Тұрманжанов Өтебай қазақ ақыны, прозашы, әдебиеттанушы туғанына 120 жыл (1905-1978)

19 желтоқсан

Тоқтаров Төлеген,  Кеңес Одағының батыры, туғанына 105 жыл (1920-1942)

24 желтоқсан

Момышұлы Бауыржан,  жазушы, Кеңес Одағының батыры, туғанына 115 жыл (1910-1982)

27 желтоқсан

Қаратаев Мұхамеджан,  әдебиет зерттеушісі,  туғанына 115 жыл (1910-1995)

 

 

Өлкенің әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлерінің,

ғалымдарының мерейтойлары

 

қаңтар

1 қаңтар

Бұлғақов Айтакын,  айтыскер ақын, 65 жаста (1960), Панфилов ауданы

14 қаңтар

Жайсаңбаев Есболған,  актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, туғанына 85 жыл

(1940-1983), Ақсу ауданы

15 қаңтар

Ғұмаров Төлеужан, ақын, 55 жаста  (1970) Ақсу ауданы

16 қаңтар

Кенжебекова Алмахан,  кино және театр актрисасы, ҚР халық әртісі, 75 жаста (1950), Талдықорған қаласы

22 қантар

Телеубаев Рахметбай,  актер, туғанына 90 жыл (1935-1987), Кербұлақ ауданы

30 қаңтар

Жақыпбаев Жұматай,  ақын, туғанына  80 жыл (1945-1990), Ескелді ауданы

 

                       ақпан

4 ақпан 

Сұлтанбеков Жексенбек, жазушы 75 жаста  (1950), Қаратал ауданы

6 ақпан

Бектемірова Нұрила, жазушы 75 жаста (1950), Көксу ауданы

27 ақпан

Маматқұлов Савутжан,  ақын, жазушы, туғанына 85 жыл (1940-2006), Панфилов ауданы

наурыз

3 наурыз

Елеусізұлы Тұрсын,  жазушы, 90 жаста (1935), Панфилов ауданы

10 наурыз

Тастанбеков Құман,  кино және театр актері, туғанына 80 жыл (1945-2017), Сарқан ауданы

13 наурыз

Базарбаев Теміржан,  композитор, туғанына 90 жыл (1935-2006), Алакөл ауданы    

15 наурыз     

Байсейітов Қанабек, әнші-актер, режиссер, туғанына 120 жыл (1905-1979)

15 наурыз

Берсүгірова Дәмеш,  ақын, туғанына 120 жыл (1905-1984), Сарқан ауданы

сәуір

15 сәуір

Жайлаубаев Жұмахмет, публицист - жазушы 65 жаста (1960), Қаратал ауданы

18 сәуір

Ыбырайымұлы Әділбек,  ақын, жазушы 60 жаста (1965), Ақсу ауданы

29 сәуір

Ибрагимов Ұлықбек,  суретші, туғанына 75 жыл (1950-2005), Панфилов ауданы

мамыр

9 мамыр

Болатбаев Құдайберген, суретші, 65 жаста (1960), Көксу ауданы

10 мамыр

Жақыбаев Әдепхан,  жазушы,  85 жаста (1940), Панфилов ауданы

12 мамыр

Әлімжанов Әнуар,  жазушы, журналист, туғанына 95 жыл (1930-1993), Алакөл ауданы

12 мамыр

Сұлтанов Қуаныш, қоғам және мемлекет қайраткері, 80 жаста (1945), Панфилов ауданы

маусым

19 маусым

Тоқтамов Тұрған, жазушы, туғанына 85 жыл (1940-2009), Панфилов ауданы

24 маусым

Исмаилов Ораз,  жазушы, туғанына 85 жыл (1940-2013),  Ескелді ауданы 

шілде

10 шілде

Түстікбай Гүлайым, журналист, ақын, туғанына 65 жыл  (1960 – 2015),  Қаратал ауд.                                    

18 шілде

Әміреев Жұматай ақын, журналист, 50 жаста  (1975)  

27 шілде

Асанова Ляззат, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, туғанына 55 жыл (1970-1986)

тамыз

18 тамыз

Қасенова Гүлбақыт, ақын,  50 жаста (1975)

Панфилов ауданы

қыркүйек

17 қыркүйек

Нұршеков Ерғазы Манапұлы, журналист, ақын, педагог 50 жаста (1975)  Панфилов ауд.

20 қыркүйек

Балапанов Жұмахан,  ғалым, профессор, туғанына 105 жыл (1920-1977), Алакөл ауданы

қазан

2 қазан

Қалиұлы Назар ақын, туғанына 70 жыл  (1955 -2008), Қаратал ауданы  

8 қазан

Ақыпбекұлы Өтепберген,  ақын, туғанына 75 жыл (1950-2007), Ақсу ауданы (Қапал)

20 қазан

Құлыбеков Тоқсын, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, туғанына 75 жыл

(1950-1998), Кербұлақ ауданы

25 қазан

Әбілтаев Жақып,  актер, режиссер, туғанына 115 жыл (1910-1982), Көксу ауданы

қараша

12 қараша

Әбділманов Болат, кино және театр актері 

65 жаста (1960), Ақсу ауданы

20 қараша

Рақышев Сағынбек,  актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, туғанына 95 жыл

(1930-2006)

желтоқсан

10 желтоқсан

Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы, 75 жаста (1950), Қаратал ауданы

 

 

 

 

 

МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР

 

  • «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанының орыс тілінде шығарылуына 160 жыл (1865)
  • Абай «Қара сөздер» - «Гаклия» жазып шығарғанына 135 жыл (1890)
  • «Еңлік-Кебек» дастанының жариялануына 125 жыл (1900)
  • С.Торайғыровтың «Кім кінәлі» дастанына 110 жыл (1915)
  • С. Сейфулиннің «Красные соколы» пьесасына 105 жыл (1920)
  • И.Байзақовтың «Алтай құшағында» дастанына 100 жыл (1925)
  • А.Затаевичтың «1000 песен и кюев казахского народа» кітабына 100 жыл (1925)
  • І.Жансүгіровтың «Дала» дастанына 95 жыл (1930)
  • С.Мұқановтың «Теміртас» романына 90 жыл (1935)
  • Б.Майлиннің «Мырқымбай» жинағына 90 жыл (1935)
  • Б.Майлиннің «Азамат Азаматович» романына 90 жыл (1935)
  • Ә.Тәжібаевтың «Абыл» дастанына 85 жыл (1940)
  • И.Байзақовтың «Кавказ» дастанына 85 жыл (1940)
  • Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романына 80 жыл (1945)
  • Ғ.Ормановтың «Емен» өлеңдер жинағына 80 жыл (1945)
  • Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романына 80 жыл (1945)
  • М.Хәкімжанованың «Мәншүк» дастанына 80 жыл  (1945)
  • Ғ.Слановтың «Жанар тау» романына 80 жыл (1945)
  • А.Әбішевтың «Жас ұрпақ» романына 80 жыл (1945)
  • Қ.Аманжоловтың «Боран» дастанына 75 жыл (1950)
  • Х.Бекхожиннің «Мария Жагор қызы» дастанына 75 жыл (1950)
  • Қ.Қайсеновтың «Партизаны Переяслава» кітабына 70 жыл (1955)
  • Ғ.Мустафиннің «После бури» романына 65 жыл (1960)
  • З.Шашкиннің «Теміртау» романына 65 жыл (1960)
  • М.Әлімбаевтың «Менің Қазақстаным» дастанына 65 жыл (1960)
  • Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повестіне 65 жыл (1960)
  • Б.Соқпақбаевтың «Дала жұлдызы» кітабына 65 жыл (1960)
  • Х.Бекхожиннің «Ақсақ құлан» дастанына 60 жыл (1965)
  • Б.Момышұлының «Наш генерал» повестіне 60 жыл (1965)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕРЕЙГЕР ШЕТЕЛ ЖАЗУШЫЛАРЫ

 

4 қаңтар

Джейкоб Людвиг Карл Гримм, неміс жазушысы туғанына 240 жыл (1785-1853)

15 қаңтар

Грибоедов Александр Сергеевич,  орыс ақыны туғанына 230 жыл (1795-1829)

29 қаңтар

Чехов Антон Павлович, орыс жазушысы, драматург, туғанын 165 жыл (1860-1904)

10 ақпан

Пастернак Борис Леонидович, орыс жазушысы, туғанына 135 жыл (1890-1960)

6 наурыз

Ершов Пётр Павлович,  орыс ақыны, туғанына 210 жыл (1815-1869)

2 сәуір

Ганс Христиан Андерсен,  дат жазушысы, туғанына 220 жыл (1805-1875) 

24 мамыр

Шолохов Михаил Александрович, орыс жазушысы, туғанына 120 жыл (1905-1984)

21 маусым

Саган Франсуаза, француз жазушысы, туғанына 90 жыл (1935-2004)

29 маусым

Антуан де Сент-Экзюпери, француз жазушысы, туғанына 125 жыл (1900-1944)

10 шілде

Кассиль Лев Абрамович,  орыс балалар жазушысы, туғанына 120 жыл (1905-1970)

7 қыркүйек

Куприн Алексндр Иванович, орыс жазушысы, туғанына 155 жыл (1870-1938)

15 қыркүйек

Агата Кристи, ағылшын жазушысы, туғанына 135 жыл (1890-1976)

3 қазан

Есенин Сергей Александрович, орыс ақыны, туғанына 130 жыл (1895-1976)

22 қазан

Бунин Иван Алексеевич, орыс жазушысы, туғанына 155 жыл (1870-1953)

23 қазан

Джованни Родари,  итальян жазушысы, туғанына 105 жыл (1920-1980)

30 қараша

Твен Марк, американдық жазушы, туғанына 190 жыл (1835-1910)

30 желтоқсан

Киплинг Джозеф Редьярд, ағылшын жазушысы, туғанына 160 жыл (1865-1936)

т.к.б.

Даниель Дефо, ағылшын жазушысы, туғанына 365 жыл (1660-1731)

 

МЕРЕЙГЕР ШЕТЕЛ КІТАПТАРЫ

 

  • У.Шекспирдің «Ромео и Джульетта» трагедиясына 430 жыл (1595)

 

  • У.Шекспирдің «Король Лир» трагедиясына 420 жыл (1605)

 

  • А.Пушкиннің «Руслан и Людмила» дастанына 205 жыл (1820)

 

  • Х.Андерсеннің «Дюймовочка»  ертегісіне 190 жыл (1835)

 

  • Д.Купердің «Следопыт» романына 185 жыл (1840)

 

  • М.Лермонтовтың «Герой нашего времени» романына 185 жыл (1840)

  

  • Л.Кэрролдың «Алиса в стране чудес» ертегі-повестіне 160 жыл (1865)

 

  • А.Гайдардың «Школа» повестіне 95 жыл (1930)

 

  • А.Гайдардың «Тимур и его команда» повестіне 85 жыл (1940)
  • А.Линдгреннің «Пеппи Длинный чулок» кітабына 80 жыл (1945) және  «Малыш и Карлсон, который живет на крыше» кітабына 70 жыл (1955)

 

  • Н.Носовтың «Незнайка на луне» ертегі-романына 60 жыл (1965)

 

  • Ч.Айтматовтың «Белый пароход» повестіне 55 жыл (1970)

 

Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даң. 91/99

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы

орталық кітапханасы

тел: (7282) 24-11-23

e-mail: bibl-biblio@mail.ru

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика