Кітапхана жетістіктері
Кітапхана жетістіктері
Жетісу облысы кітапханаларының жетістіктері туралы мәлімет
2023 жылдың жылдық қорытындысы бойынша 23 мамырда Талдықорған қаласында Б.Римова атындағы драма театрында Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мейрамына арналып салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шарада «Үздік кітапхана» номинациясы бойынша Ақсу аудандық кітапханасы ие болса, «Үздік кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі А. Жанибекова диплом және қаржылай сертификатпен марапатталса, Облыс әкімінің "Үздік мәдениет қызметкері" номинациясымен Талдықорған қалалық №8 филиал кітапхана қызметкері А.Қадырова марапатталды.
Жетісу облысы кітапханаларында 23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Қазақстан Республикасы Академиялық кітапханасының бастамасымен республикалық «KITAP FEST-2023» және «KITAP TIME - 2023» ІІ жалпы республикалық фестивальдері жоғары деңгейде өтті.
Облыстық көлемде өткен іс-шаралар
Композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Сарқан аудандық кітапханасында «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты облыстық конференция,
Қоғам қайраткері, ақын, ағартушы, Біләл Сүлейұлының туғанына 130 жыл толуына орай Ақсу аудандық кітапханасында «Ұлт мұратын ұлықтаған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясы;
2023 жылы Б.Римова атындағы драма театрында ақын Қайрат Әлімбектің туғанына 60 жыл толуына орай облыс көлемінде еске алу кеші және Қаратал ауданы, Тастөбе ауылдық кітапханасында «Қаламымен ой тербеген» тақырыбында поэзия сағаты өтті.
Облыстық байқаулар.
5 жылға қабылданған ұлттық «Оқитын ұлт» жобасы аясында ҚР Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар жас» республикалық кітап оқу байқауында Жетісу облысы бойынша 3 оқырман арулар қатысып, 5 автордың шығармаларын 3 ай уақыт ішінде ZOOM платформасында талқылап, Алакөл ауданы, Қарабұлақ ауылының оқырманы Кажимова Зухра астана қаласында өткен республикалық байқауда 1 орынды иеленіп, диплом және қаржылай сертификатпен марапатталды.
Жетісу облысы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында облыстық Мұқағали, Мағжан, Шәкәрім, оқулары өтті. Шәкәрім оқулары бойынша 1-орын дипломымен Панфилов ауданы, Әулиеағаш орта мектебінің 5-сынып оқушысы Азитай Жүрсін марапатталып, наурызда ҚР Ұлттық академиясында ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысып, республикалық байқауға жолдама алып, 27 наурыз күні Астана қаласында өткен Республикалық байқаудан ІІІ орынға ие болды.
«Жылдың үздік жас кітапханашысы-2023» областық байқауының жеңімпазы Талдықорған қаласының орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Ынтымақ Сұңқар жүлделі орынға ие болып, ҚР Ұлттық кітапханасында өткен «Жылдың үздік жас кітапханашысы-2023» республикалық байқауында 2 орын дипломымен және қаржылай сертификатпен марапатталды.
«Кітап оқу көшбасшысы - 2023» облыстық байқауының жеңімпазы Талдықорған қаласының № 14 орта мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Әдемі Жеңіс;
«Үздік оқырман - 2023» облыстық байқауының жеңімпазы 70-тен астам кітап оқыған Талдықорған қаласының тұрғыны, кәсіпкер, белсенді оқырманы Болат Нұрғожанов;
«Жылдың үздік әдіскері-2023» облыстық байқауы жеңімпазы Алакөл аудандық кітапханасының әдіскері Ж.Омарова;
«Ең үздік мақала-2023» облыстық байқауының жеңімпазы С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының әдіскері Г.Шегенова;
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі «Саусақ ұшындағы әлем» атты байқауы;
Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, қазақ әдебиетінің детектив жанрының негізін қалаушы К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жетісу детектив шығармалары» атты Жетісу облыстық байқаудың бекіткен комиссия мүшелері жастардың шығармашылық еңбектерін сараптап, жеңімпазды анықтау мақсатында А.Ахуанбайқызы І дәрежелі диплом және қаржылай сертификатпен марапатталды.
Кәсіби білімін жетілдіруде семинар-тренинг
15-19 мамыр күндері аралығында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Жетісу облысы кітапхана қызметкерлерінің кәсіби білімін көтеруде «Заманауи кітапханашы болу-заман талабы» атты семинар-тренинг өткізілді.
18-19 қазан күндері республикалық «Жас кітапханашы-2023 жаңа мүмкіндіктер уақыты» атты жастар лабораториясына Жетісу облысына 4 қызметкер қатысып, нәтижесінде Панфилов ауданы, Ават ауылының кітапханашысы Ұ.Рахымғалиева арнайы дипломмен марапатталды.