Өмірбаяны

Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Алматы облысы Ақсу ауданы - 26 ақпан 1938 жыл) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар Одағының тұңғыш төрағасы.


Қысқашаөмірбаяны

  • Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан.[1]
  • 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.
  • Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
  • 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады.
  • Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады.
  • 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды.
  • 1938 жылы ату жазасына кесілген.
  • 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды.[2]

Отбасы

Ол 4 рет үйленді.

  • Бірінші әйелі (1912-1914) - Жамила, нағашысының жесірі (жергілікті байдың қызы)
  • Екінші әйелі (1922-1925) - Аманша Берентаева, аяғы ауыр және денсаулығы нашар болып, қайтыс болды. Босанардағы сырқаттарға төтеп бере алмады. Сол кезде Жансүгіров Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқуға кетті.
  • Үшінші әйелі (1929-1931) - Фатима (Бәтима) Төребаева. Бәтима Төребаевадан ұлы Саят және қызы Сайра туады. Бәтима Мәскеуге оқуға кеткенде Ілияс Жансүгіров жақын досы, әйгілі мұғалім Біләл Сүлеевтің әйелі Фатима Ғабитовамен қарым-қатынас орната бастайды. 1931 жылы Жансүгіров Фатима Төребаевамен ажырасып, 1943 жылы Фатима туберкулезден қайтыс болды.
  • Төртінші әйелі (1932-1938) - Ғабитова Фатима Зайнуллиновна (1903-1961). Фатима Қапалдағы татар көпесінің қызы еді. Біләл Сүлеев тұтқындалған соң, Фатима Ілияспен отау құрады. Ілиясқа Үміт, Ильфа, Болат есімді үш бала сыйлады. 1938 жылы Ілияс қайтыс болғаннан кейін, Жансүгіровтың жақын досы Мұхтар Әуезов жесір қалған Фатиманы өз қамқорлығына алады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cb/Zhansugurov_family.jpg/365px-Zhansugurov_family.jpg

Жансүгіров отбасы

Фатима Ғабитовадан туған балалары:

  • Қызы - Үміт Жансүгірова (1933), дәрігер.
  • Қызы - Ильфа Жансүгірова-Жандосова (1935) - мұғалім, неміс тілінің мұғалімі, Ілияс Жансүгіров атындағы қордың бұрынғы президенті.
  • Ұлы - Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (1937-2004) - танымал қазақстандық сценарист және кинодраматург.

Фатима Төребаевадан туған балалары:

  • Саят Жансүгіров (1930–2021) - кенші, техника ғылымдарының кандидаты.

Асырап алған балалары:

Ілияс Жансүгіров Фатима Ғабитованың алғашқы жары һәм өзінің жақын досы Біләл Сүлеевтің екі баласын асырап алды.

  • Ұлы - Жәнібек Сүлеев (1923-1943) - Ұлы Отан соғысында Смоленск маңында қаза тапты.
  • Ұлы - Азат Сүлеев (1930-1997) - түрколог.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика