Бөлім меңгерушісі: Ескалиева Диана Кайратовна
Жұмыс тел.: 8 /7282/ 60 10 91
e-mail: metodotdel.zhetsuobl@mail.ru
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Аймақтағы мемлекеттік жүйедегі көпшілік кітапханаларының аймақ тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету жағдайлары мен дамуына талдау және болжам жүргізу (облыс кітапханаларының қызметі бойынша ақпарат жинау, зерделеу, талдамалық шолулар, статистикалық материалдар даярлау, т.б сараптамалық материалдар даярлау);
Кітапханалар қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету;
Аймақтағы кітапхана ісі саласындағы озық тәжірибелерді зерттеу, кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, әдістемелік құралдармен жабдықтау;
Облыстағы мемлекеттік жүйедегі көпшілік кітапханалары кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыру;
Аймақтағы кітапхана ісін дамыту стратегиясын анықтау.
Бөлім қызметінің негізгі міндеттері:
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты облыстағы көпшілік кітапханалар қызметіне талдау жасау, ақпараттық шолу дайындау;
Кітапхана ісі бойынша ақпараттарды саралап, облыстық құрылымдық бөлімшелеріне электрондық түрде тарату;
Кітапхана ісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың жобасын әзірлеуге қатысу;
Облыс кітапханаларының кітапты және оқуды насихаттау қызметіне әдістемелік көмек көрсету;
ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханаларымен, республика кітапханаларының әдістемелік орталықтарымен т.б. әріптестік қарым-қатынас орнату;
Көпшілік кітапханаларының тәжірибелерін жинақтау, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйрену, тәжірибеге енгізу;
Кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар құрастыру, кәсіби мерзімді басылымдарда мақалалар жариялау;
Кітапханалық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, Жетісу облыстық кітапханасы және облыс кітапханаларының инновациялық қызметтерінің дамуына ықпалдасу;
(Модельді ауыл кітапханаларының ашылуына ұсыныс даярлау)