Шаймерденов Сафуан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург, туғанына 100 жыл (1922-2007)
15 сәуір 1922 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді — 23 ақпан 2007 жыл, Петропавл) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).
ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1950).
1943 — 45 жылы Солтүстік Қазақстан облысы “Ленин туы” газетінде әдеби қызметкер.
1950 — 52 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Қарағанды облысындағы тілшісі болды.
“Әдебиет және искусство” журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары (1952 — 55).
“Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары (1955 — 56).
Қазақстан Жазушылар одағында проза секциясының меңгерушісі (1956 — 58), хатшысы (1961 — 63).
“Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында бөлім меңгерушісі (1958 — 60).
Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде репертуарлық коллегияның бас редакторы (1971 — 76) болып істеді.