Исабеков Дулат – жазушы, драматург 80 жаста (1942)

Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992).

Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында тұлғаның. Шыққан руы қоңырат .[1]

Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған.

1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген;

1967—68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор;

1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор;

1971—76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі;

1976—80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі;

1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы;

1988— 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;

1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика