Жүнісов Сәкен – қазақ жазушысы, драматург, туғанына 90 жыл (1934-2006)
Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов (11.2.1934 жылы туған, Көкшетау облысы, Кішкенекөл ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.[1]
- ҚазҰУ-ін бітірген (1957).
- "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59)
- Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі
- Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1964)
- "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964-68)
- КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1988-92) қызметтерін атқарған.
Шығармалары
- “Сонарда” (1958)
- “Әжем мен емші және дәрігер” (1961)
- “Кімнің мекені жақсы?” (1961)
- “Жапандағы жалғыз үй” романы (1965)
- "Ажар мен ажал" (1967)
- “Өшпейтін іздер” (1968)
- "Тұтқындар" (1972)
- "Жаралы гүлдер" (1973)
- "Қызым, саған айтам" (1973)
- “Ақан сері” романы (1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978)
- "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді.
Пьесалары
- "Кроссворд" (1981)
- "Қос анар" (1974)
- "Әр үйдің еркесі" (1975)
- “Қысылғаннан қыз болдық” (1976)
- "Сабалақ Абылай"
- "Сәукеле"
- тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған.
- Жүнісов - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы.
- Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің шығармаларын, О.Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын тағы басқа қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлыған иегері (1986).[2]