Есдәулет Ұлықбек – ақын, журналист, 70 жаста (1954)
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы.
Әке-шешесі
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған. Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы.
Білімі
- С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша,
- М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген.
Қызмет жолы
- 1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры.
- 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі.
- 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы).
- 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы.
- 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі.
- 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
- 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы.
- 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі.
- 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі.
- 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі.
- 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
- 2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
- 2018 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы.