Әубәкіров Оспанхан – ақын, жазушы, сатирик туғанына 90 жыл (1934-1986)
Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы.
Оқыған жері
Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
Еңбегі
Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композитор-лардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.[1]
Жетістігі
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
Шығармалары
- Қоңырау. Сурет-кітапша. А., ҚМ КӨБ, 1961;
- Бытбылдық.
Өлеңдер
- А., ҚМКӘБ, 1962;
- Жасыратын не бар. Әзіл-сықақ, мысалдар. А., ҚМ КӨБ, 1963;
- Қалтадағы қайық. Сурет -кітапша. «Жазушы», А., 1964;
- Күлеміз -ау. Сатиралық өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
- Солақай. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;
- Көктайғақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;
- Сиқыр. Сықақ әңгімелер. А., «Жазушы». 1971;
- Сүзеген сөз. Сықақ өлеңдер, А., «Жазушы», 1973;
- Ымды білесіз бе? Сықақ әңгімелер, мысалдар. А., «Жалын», 1978;
- Жасыратын не бар? Таңдамалы. А., «Жазушы», 1979;
- Қағаз қалпақ. Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар. А., «Жалын», 1983;
- Өзіміз білеміз. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.