Жиенбаев Сағи – ақын, туғанына 90 жыл (1934-1994)

Сағи Жиенбаев (5.5.1934Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы — 1994Алматы) — ақын.

  • Қызылорда педaгогикалық институтын бітірген (1955).
  • 1956 — 1965 жылдары “Қазақ әдебиеті” газеті мен “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі,
  • 1965 — 1984 жылдары “Жазушы” баспасында аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі болып қызмет істеді.

Шығармашылығы

1984 жылдан кейін шығармашылық еңбекпен айналысқан.

  • “Қарлығаш” аталатын алғашқы жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан кейінгі жылдары жиырмадан аса өлең кітаптарын жариялады. Жиенбаевтың
  • “Сыйлық” (1960)
  • “Қыр гүлі” (1966)
  • “Сырлы теңіз” (1963)
  • “Қайырлы таң” (1966)
  • “Ақ толқын” (1967)
  • “Сол бір көктем есімде” (1969)
  • “Алтын қалам” (1971)
  • “Жадымдасың, жас күнім” (1972)
  • “Әлия” (1973)
  • “Оймауыт” (1975)
  • “Көктем самалы” (1976), т. б. өлең кітаптары жұртшылықтың көңілінен шықты.

Жиенбаев өз өлеңдерінде жан сарайын айқара ашып, тебірене толғаған сыршылдығымен, ақ пейіл шыншылдығымен, инабаттылықты, кісілік ізгілікті, елдікті, ерлікті жырлауымен ерекшеленеді. Ол бірқатар ән мәтіндерінің:

  • “Махамбет”
  • “Еңлік — Кебек” опера либреттоларының авторы.

Біраз жинақтары шет елдер тіліне аударылған. Өзі де А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Р.Ғaмзатовтың, Д.Кугульдиновтың, т.б. бірқатар өлеңдерін қазақшаға аударды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика