Өлкетану

Байсеркеұлы Маман

Санат: Писатели Печать страницы
Байсеркеұлы Маман

Байсеркеұлы Маман 1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты Бостандық ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматының Құрманғазы атындағы Өнер институтының режиссерлық бөлімін бітірген. 1965 жылдан 1970 жылға дейін Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында бас режиссер болып істеген. 1970-1972 жылдары Мәскеудің М.Горький атындағы көркем театрында 2 жылдық сынақтан өтті. 1972–1976 жылдары Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, 1976–1981 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық Жастар және балалар театрында, 1981–1983 жылдары Республикалық корей театрында бас режиссер болып қызмет еткен. 1983 жылдан Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры. «Қойылым және қолтаңба», «Сахна және актер» атты ілімдік кітаптардың және «Абылай ханның ақырғы күндері», «Кек қылышы – Кенесары», «Кене хан» пьесаларының авторы. Ян Соловичтің пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі. «Құрмет» орденінің иегері (2006).

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика