Өлкетану
Барманқұлов Марат
Санат: Писатели | Печать страницы |

Барманқұлов Марат (1937–09.05.2000) - 10 ақпанда Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келген. Тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін алғашқы қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі.
1950 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-1965 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты. ММУ-дің бриғадасымен бірге студенттік құрылыста "Молодой целинник" газетінің негізін қалады. "Планета целины" кітабы авторларының бірі.
1965 жылы Филология ғылымдарының кандидаты атанды, 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1981 жылы филология ғылымдарының докторы, 1982 жылы профессор, 1991 жылы "Казахстанская правда" газеті редакторының бірінші орынбасарлық қызметін атқарды. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің бірінші проректоры.
Шығармалары:
Көрнекті ғалым "Весь мир в вашей квартире", "Журналистика для всех", "Сравнительный анализ жанров", "Жанры печати, радиовещания и телевидения", "Искусство современной информации", "Телевидение: деньги или власть?", "Хан Иван" т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, әлденеше жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Барманқұлов басшылығымен бір докторлық, бес кандидаттық диссертация қорғалды.
ҚазМУ-дің журналистика факультетіндегі кандидаттық диссертация қорғау Кеңесі төрағасының орынбасары және филология факультетінің докторлық диссертация қорғау Кенесінің мүшесі болып жұмыс атқарды.
Қазақстан Журналистер одағының хатшысы, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі.