Өлкетану

Баянбай Қастек

Санат: Писатели Печать страницы
Баянбай Қастек

Баянбай Қастек 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971–1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған. Балаларға арналған «Арғымақ» атты алғашқы жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған. 1986 жылы «Тәтті сабақ» жинағына І.Жансүгіров атындағы сыйлық берілген. Бельгия ақыны Э.Верхарнның, болгар ақыны Л.Левчевтің, орыс ақындары С.Михалковтың, А.Бартоның, Р.Рождественскийдің, З.Александрованың, якут ақыны С. Даниловтың, түркімен ақыны Қ.Тәңіріқұлиевтің, молдован ақыны Г.Виерудің және т.б. ақындардың туындыларын қазақшалаған. Екі томдық «Орыс поэзиясының антологиясын» аударуға қатысқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 2005 жылы марапатталған. Шығармалары:

«Арғымақ» 1962 жылы, «Атай неге солақай» 1964жылы, «Адамға хат» 1966 жылы, «Балаларға базарлық» 1966жылы, «Шапағатты шақ» 1968 жылы, «Ильич пен аңшы» 1970 жылы, «Ақ шағала» 1973жылы, «Қол шатыр көтерген он батыр» 1974 жылы, «Әсем әлем» 1976 жылы, «Құс сүті» 1977 жылы, «Алау» 1978 жылы, «Зайчик в очках» 1979 жылы, «Богатыри под дождем» 1979 жылы, «Жол» 1982 жылы, «Тәтті сабақ» 1984 жылы, «Той» 1986 жылы, «Бір қоржын жаз» 1991 жылы, «Жүз жыл жаз» 1995 жылы, «Құс сүті» 1996 жылы, «Қырық күн шілде» 1997 жылы, «Юрта» 2001 жылы, «Кемпірқосақ» 2003жылы, «Асар» 2006 жылы, 2 томдық таңдамалы шығармалары 2007 жылы, «Араша» 2008 жылы басылып шықты.


 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика