Өлкетану

Бугыбаева Канипа

Санат: Писатели Печать страницы
Бугыбаева Канипа

Бұғыбаева Қанипа (1942–2004)- 19 наурызда Ақсу ауданы, Ақын Сара ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1969). "Мамания" мектебін бітіргеннен кейін өзі туып-өскен ауылда мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет істеген. Жамбыл қаласындағы мәдени-ағарту училищесін бітірген соң Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында оқыды. 1964 жылы Райымбек ауданы халық театрында қызмет істеді. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Жамбыл аудандық газетінде, мәдениет бөлімінде, өлкетану музейінде және орталық кітапханада қызмет істеді. 1990-1991 жылдары аудандық көшпелі автоклуб меңгерушісі болды. Ақынның өлеңдері орыс, неміс, өзбек, қырғыз, қытай тілдеріне аударылған.

1993 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған Түркі елдері поэзиясының 2-фестивалінің жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Шығармалары:

"Екінші дәптер" (1965), "Ақ сүт" (1968), "Қара торғай" (1970), "Аруана" (1973), "Ана жыры" (1974), "Жыр және жүрек" (1977), "Қыз дөурен" (1979), "Көк белестер" (1982), "Менің даусым" (1984), "Гүлдер көзін ашқанда" (1989), т.б. өлеңдер жинағы жарық көрген.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика