Өлкетану

Абдуллин Хизмет Абдумуталипұлы

Санат: Писатели Печать страницы
Абдуллин Хизмет Абдумуталипұлы

        Абдуллин Хизмет Абдумуталипұлы (1925–1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында дүниеге келген. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951-1955 жылдары Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді.
      1943 жылы әскер қатарына алынып, Моңғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962-1965 ж. "Коммунизм туги" газетінде бөлім меңгерушісі, 1955-1958, 1965-1980 жылдары Қазақстан жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған.
      Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданған.
      Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған “Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары (“Ауылдастар”, “Тағдыр”, “Отты шеңбер”, “Жылдарға жауап”, “Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары (“Анаят”, “Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның “Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.
      «Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды.

 

Шығармалары:

· Гүлстан. Повесть. 1952;

· хикаялар. Өлеңдер. 1953;

· Анайәт. Тарихи поэма. 1956;

· Давутжан. Поэма мен өлеңдер. 1959;

· Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. 1960;

· Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968;

· Тағдыр. Роман. «Жазушы», 1970;

· Бархандар. Әңгімелер. «Жазушы», 1972;

· Екі томдық Таңдамалы шығармалары. «Жазушы», 1983 – 1984.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика