Өлкетану

Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы

Санат: Писатели Печать страницы
Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы

Ақын, Композитор Қ.Р Мәдениет қайраткері Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлы 1970 жылы 15 қаңтарда Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Байқоңыр совхозында дүниеге келген.

1977 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Тарас орталау мектебінде бірінші сыныпқа қабылданып, 1985 жылы бітіріп шықты.

1985-1989 жылдары Панфилов педагогикалық училищесінде білім алды.

1989-1990 жылдары Ақсу ауданы, Тарас орталау мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды.

1990-1995 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің музыка факультетін тамамдады.

1995-2000 жылдары І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында әдіскер, көркемдік жетекші қызметін атқарды.

2000-2003 жылдар аралығында Ескелді аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды.

2003 жылдары Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығында директордың міндетін атқарушы, көркемдік жетекші, директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2007 жылдан бері Алматы облыстық Сүйінбай атындағы облыстық филармониясында музыкалық редактор қызметін атқарады.

2008-2009 жылдары республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының екі мәрте лауреаты атанды. Спорт саласы мен мектеп оқушыларына арнап жазылған әндері көптеп орындалып жүр.

2010 жылы облыс әкімінің қолдауымен «Сөнбес сәуле» өлеңдер жинағы, демеушілер қолдауымен «Алға Жасұлан» әндер жинағы жарық көрді.

2011 жылдары Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында жетекші маман, бас маман қызметін атқарды.2013 жылдан бері бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.

2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, Алматы облысының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы.

Шығармашылық еңбектері облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып келеді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика