Өлкетану

Абдрахманов Махмұт Хабайдоллаұлы

Санат: Писатели Печать страницы
Абдрахманов Махмұт Хабайдоллаұлы

Абдрахманов Махмұт Хабайдоллаұлы 1934 жылы 20 шілдеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ташкенсаз ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұйғыр әдебиеті тарихы авторларының бірі.

· 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

· Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер

· Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеген.

· 1983 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұзтаздық етіп келеді.

Шығармалары мен еңбектері

Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол Абай, Пушкин, Р.Ғамзатов, Х.Ерғалиев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, т.б. өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған. Өз өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген.

· "Жүрек жырлары". Өлеңдер. «Жазушы», 1967;

· "Ұйғыр совет әдебиеті тарихы". «Ғылым», 1967;

· "Әрлеу үстінде". Әдеби-сыни мақалалар. «Жазушы», 1977;

· "Белестер". Өлеңдер. «Жазушы», 1983;

· "Адымдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1984;

· "Ұйғыр совет әдебиетінің тарихы". «Ғылым», 1986;

· "Жылдар жаңғырығы". Мақалалар мен өлеңдер. Чонжа, 1999;

· "Түйіндер". Өлеңдер мен мақалалар. «Білім», 2004;

· "Шеберлік шыңына үмтылып". «Мир», 2009;

· "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 8 сынып үшін. «Мектеп», 2000;

· "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 10 сынып үшін. «Мектеп», 2003, Қазақстан жазушылары: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика