Өлкетану
Ақыпбеков Өтепберген
Санат: Писатели | Печать страницы |

Ақыпбеков Өтепберген (1950–2009) - 8 қазанда Алматы облысы, Қапал ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1973–1985 жылдары "Қапал еңбеккерлері" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, "Октябрь туы" (қазіргі "Жерұйық") газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1985- 1995 ж. "Қазақ әдебиеті", "Жалын", "Денсаулық", "Жанашыр", "Халық конгресі" басылымдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, 1995-1998 жылдары "Казгидромет" агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында, ҚР Ұлттық Банкінде, ҚР Әділет министірлігінің басқарма бастығы болып жұмыс істеген. Алғашқы өлеңдері 1973 жылдан жариялана бастады. Балаларға арнап "Доп" (1985), "Футболшы боламын" (1982), "Жарыс" (1985), "Айдын шалқар" (1986), "Жарыстан соң жарыс", "Балабақтың бір күні", "Экологиялық әліппе", "Қырық қыз", "Балдай тәтті әліппе", "Ажарлы Астана", "Қызықты әліппе", "Айдындағы әліппе", "Керек кітап", "Мен таңдайтын мамандық", "Төрт түлік төресі кім?" (1986), "Жылдың төрт мезгілі" (1990), т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Литван ақындары Г.Леонардас пен Г.Рамутенің, шешен ақыны А.Ахметукаевтың бір топ өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО ОК мен "Жалын" баспасының бірлескен дәстүрлі жабық байқауының және халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері болды.