Кітаптар

Молдаханов Сәбит. Өмір мектебі

Молдаханов Сәбит. Өмір мектебі . Алматы : Everest, 2024. – 179 бет Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітап қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткері, Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, тума талант, табиғи дарын иесі, қазақтың сурет өнері саласын күллі әлмге танытқан, құнды жәдігерлері бес мыңға жуық туындылардың авторы, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Әбілхан Қастеевтің өмірі мен жүріп өткен жолы, шығармаларына арналады.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025

Бегімбет, Нұрәділ. Көктоғайдағы кездесу.

Бегімбет, Нұрәділ. Көктоғайдағы кездесу. әңгімелер мен эсселер жинағы / Н. Бегімбет. – Алматы : Everest, 2024. – 93 бет. Балалық пен жастықтан асқан шырын шақ жоқ. Қаламгердің бұл кітаптағы әңгімелеріне адамның осындай албырт кезіндегі адамгершілік, іңкәрлік, қимастық сияқты асыл қасиеттері арқау етілген. Сондай-ақ, жанына жақын жандарға деген сағыныш сезімін суреттеген эсселері де оқырмандарды бей-жай қалдырмайды деп ойлаймыз. Кітап қалың оқырманға арналған.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025

Абдрахманов, Сембек. Сырласым-сыршыл өлеңім.

Абдрахманов, Сембек. Сырласым-сыршыл өлеңім. – Қарағанды : ЖК Ли Ю.Ю, 2024. – 156 бет. Өлеңдерінің басты тақырыбы туған елге, туған жерге деген махаббат, сүйіспеншілік, шексіз құрмет, ілтипат-пейіл. Жан дүниесін толқытып жүрген тіршіліктің бақшасындағы сұлу суреттер өлеңнің шумағымен өрілген. Жетісу, Көксу, Айнабұлақ, Алғабас, Талапты, Лабасы және тағы басқа туған өңірдің елді мекендерінің келбетін келісті жырларымен өрнектеген ақынның басты бір ерекшелігі - шынайылық. Еліміздің Тәуелсіздігі, достық қарым-қатынас, парыз, ұстаз, адамгершілік туралы және тағы басқа толып жатқан тақырыптарға арналған қазақ өлеңдері сайрап жатыр.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025

Жылқайдарова, Роза Төлегенқызы. Қанаттарым : жыр жинағы

Жылқайдарова,РозаТөлегенқызы.Қанаттарым:жыржинағы/Р.Т.Жылқайдарова.–Алматы:Everest,2024.–170бет. Туған жерге деген сағыныш махаббат сезімдерін жеткізу, туған тілге, ата-анаға құрмет, достыққа берік болуға шақыратын өлеңдері енген.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025

Сауытқали. Адалбақан: өлеңдер, поэма, повестер / құраст.: Д.Мұхаметшаров

Айманбетов Сауытқали. Адалбақан: өлеңдер,поэма,повестер/құраст.:Д.Мұхаметшаров.–Алматы:Жамбыл,2024.–272бет. Ақын жанды адамның жүрегі нәзік, әсершіл, өр сөйлеп, өктем көрінеді десек те, әр бүршік жарған гүлден бастап, срағайып үзілген жапырақтарға дейін жан ауыртып тебіренетін олардай жан жоқ шығар. Ал, ұлт тағдыры, ел намысы дегенде мүлде басқаша түрленіп, шығатын сөздері рухтың мықтылығынан өзектің нақтылығынан байқалса керек. Осы тұрғыда марқұм ұлағатты ұстаз, саяткер, әдебиетке жақын ақын жанды Сауытқали Айманбетов ағамыздың әңгімелері, повесі мен жыр жинағынан осы нәзік жүрек пен өр рухты байқайсыз. Оның толғаулары, мысал аңыздары мен өміршең өлеңдеріндегі тақырып өзектілігі әрдайым алдыңғы орында тұр. Сондықтан да ұстаздың өзі өмір сүрген ғасырдағы еркін сөз, еркін ой, еркін пішінмен жазылған жырларының ұшқыны бүгінгі ғасырдағы «Рухани жаңғыру жылында» оқырмандар жүрегіне жігер, жанымызға жылу берері анық.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика