Кітаптар

Иманғалиұлы Нұртілеу. Бай-қуатты болайық!

Иманғалиұлы Нұртілеу. Бай-қуатты болайық! құраст.:Қ.Табулдинова. – Алматы : Принт-плюс, 2024. – 344 бет : +48 бет сурет. Белгілі тележурналист, қоғам қайраткері болған көрнекті тұлға өзінің 70 жылдық мерейтойына орай жоспарлап жүрген бұл жинағына жарты ғасырдай еңбек еткен телевизия саласының түрлі мәселелерін және оны шешуге, дамытуға қатысты өз пайымдауларын енгізген. Мұнда сондай-ақ кәсіби қызметінде, өмірде сыйласа білген қимас замандастары жайлы пікірлері мен әріптестерінің ол туралы тамаша толғаныстары жинақталған. Басылымдарда жарық көрген сұхбаттары да іріктеліп оқырманға ұсынылып отыр. Тележурналистің ақындық қырымен де жинақтан танысуға болады. Жинақ жалпы оқырманға өз замандастары мен журналистік саланы кәсіп еткен барша маманға арналады.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025

Беташар: бұрын жарияланбаған шығармалар / құраст.: Е.Тоқтарбай

Беташар: бұрын жарияланбаған шығармалар / құраст.: Е.Тоқтарбай. – Алматы : Жамбыл, 2024. – 246 бет. Кітап қазақ әдебиеті мен руханиятының аса көрнекті тұлғасы, қоғам қайраткері, ұлтық рухы биік ақын Ілияс Жансүгірұлының 130 жылдық мерейтойына орай арнайы даярланған. Кітапқа әмбебап дарының оқырман қолына жетпеген, ұзақ уақыт бойы архиф сөрелерінде сақталған, ғылыми айналымға түспегентуындыларыеніп отыр. Кітаптың басты ғылыми жаңалығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және Ресей Мемлкеттік кітапханасы. Ресей Ұлттық кітапханасының сирек қор, қолжазба бөлімінен ақын мұрасының табылуы және қайыра басылуы. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.01.2025

Фазылов Н. Еске алсаң көніл жадырар

Белгілі өзбек жазушысы Насыр Фазыл- өзбек пен қазаққа ортақ жазушы. Өйткені оның өзі де, шығармалары да қазақ халқымен тағдырлас, тамырлас. Оның қазақ қаламгерлері туралы жазуының астарында туыстық, бауырмалдық, достық жайлы тебіреністері әдебиет пен өнердегі байланыспен қауышып жатады. Сондай-ақ екі елді тел емген жазушының жазбалары арқылы өзбек жазушылары жайында да көптеген мәліметтерге қанығуға болады. Шығармалары қатып қалған қасаң, ресми тілмен емес, қарапайым өткір әзіл және жеңіл юморлармен әдептеліп, кезектесіп әдемі өрім табады.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025

Мамырбаева Д. Мұң - толғақ

Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі. Қазір осы киенің ipгeci cөгіліп, мейірім азайып, адамгершілік жұтаған кезде болашақ ұрпақты қателіктерден сақтандырып, парасат пен ақылдың қасиеттерін бойға сіңіруде «Мұң-толғақ» кітабындағы әңгімелер оңды әсер етеді деп ойлаймыз.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025

Мұқаш Қ. Айдидар

Ғасырлар бойы империялық мүдделердің қақпақылына түсіп, небір алмағайып дәуірлерді өткерген Шығыс Түркістан тарихы күні бүгінге дейін түбегейлі зерттеліп біткен жоқ. Кейіннен «Шыңжаң» аталған бұл байтақ өлкенің тұрғындары мен басқыншылар арасында үш жүз жыл бойы, бертінге дейін төрт жүздей соғыс жүріпті. Автор отыз жылға жуық ғұмырын осы өлкеде өткерген тағдыры күрделі кейіпкері мен оның қарулас серіктері арқылы сонау арпалысты өмір көрініс терін айшықтауға ұмтылады. Еңбек тосын тұжырымдар мен көпшілікке беймәлім тың деректерге бай. Шығарманың тілі жатық, ойы оралымды. Кітап жоғары оқу орындарының студенттері мен қалың оқырман қауымға арналған.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика