Кітаптар
Мұстахимұлы Қ.: Жұбайлар құпиясы |
Кез келген адам басына қиын іс түскенде басқалардан ақыл-кеңес сұрайтыны белгілі. Бұл кітап қазіргі қоғамдағы «отбасы құндылықтарының құлдырауы» сынды алапат «өртке» қарсы бір тамшы «су» сияқты, қоғамдағы ақыл-кеңеске мұқтаж, отбасы құрғысы келетін немесе енді ғана үйленген жүз мыңдаған жастарға аз да болса пайдасы тиер деген мақсатта дайындалған. Кітап барша оқырман қауымға арналады. |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025 |
Маурер Р.: Өміріңді өзгертер қарыс қадам |
Ұлы өзгерістерге шағын қадамдар арқылы жетуге болады.Ғылым да бұны растайды: шағын қадамдар жасай отырып мидың жаңа әдетті қалыптастыруын тежейтін табиғи қарсылығын жеңуге болады. Сондықтан өзіңізге қандай мақсат қойсаңыз да: салмақ тастау, темекіні қою, кітап жазу, жаттыға бастау, тіпті өмірлік махаббатыңызды кездестіру болсын; осының бәріне Кайзеннің өте керемет техникасы/әдісі арқылы қол жеткізе аласыз. |
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025 |
Шәріп А. Егеулі қалам: әдеби сын эсселер |
Кітапта автордың әр жылдарда жазылған ғылыми-көпшілік тақырыптағы мақалалары мен эсселері топтастырылған. Оның «Ұлттық рух ұйытқысы» деп аталатын бірінші бөліміне қазақтың тарихына, тағдырына, тіліне, елдік пен ерлік дәстүрлеріне қатысты мақалалар енгізілсе, «Перзент. Парыз. Пайым» атты екінші бөлім көрнекті мемлекет, қоғам, әдебиет, өнер қайраткерлері, сондай-ақ замандастар бейнесі туралы жазбаларды қамтиды. Ал «Түркі тұғыры» атты үшінші бөлім туыстас түркі халықтарының ұлы тұлғалары мен өзара рухани байланыстарының төркінін саралайтын туындылардан құралған. Жинақ қазақ елінің бүгіні мен болашағын зерделейтін оқырман қауымға арналған. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025 |
Көбеев С.: Қалыңмал |
Спандияр Көбеевтің жазушылық және ағартушылық жолы қалың қазаққа кең танымал.Бұл жинаққа автордың «Қалыңмал», «Орындалған арман» атты романдары, «Үлгілі бала» кітабындағы әңгімелері енген. Жазушы шығармаларына өзінің сан қатпарлы ұстаздық жолын, қалтарыс-бұлтарысы көп ғұмырын, әйел, бай мен кедей, билік пен қара халық арасындағы теңсіздік туралы тақырыптарды арқау еткен. Сонымен қатар коммунистік кезеңнің орнауы мен оның халыққа тигізген әсері жайында өз шындығын баяндаған. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 22.01.2025 |
Қайранбаев Қ. Жүрегіме тіл бітсе |
Қайранбаев Қ. Жүрегіме тіл бітсе: өлеңдер мен толғаулар /Қ. Қайранбаев. –Алматы: Дәуір, 2024. – 240 б. «Жүрегіме тіл бітсе...» деп аталатын жаңа жыр жинағына негізінен ақынның кейінгі жылдары жазылған шығармалары топтастырылып отыр. Қай тақырыпты алса да, қандай әлемге барса да айтарын жеткізе айтып, қазақы қоғамның қордаланған мәселелерін қопара көтеретін өлеңдер оқырман жүрегінен өз орнын табады деп сенеміз. |
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 21.01.2025 |