Кітаптар
Фокс Д.Д.: Шағын бизнесте қалай ақша табуға болады |
Өз кәсібін жүргізу кәсіпкерге тұлғалық әлеуеті мен материалдық жағдайын жақсартуды жүзеге асыруда үлкен мүмкіндіктер береді. Ешқандай банктік салымдар, жоғары жалақылар, сыйақылар өзіндік табысты кәсіп жүргізу нәтижелерімен теңесе алмайды. Бұл кітап сізге бизнесте табысқа жетуді үйретеді. |
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 02.10.2024 |
Әбділдә Әбдіманап: Қара шаңырақ |
Әбділдә Әбдіманап: Қара шаңырақ Қолдарыңыздағы кітапта - қазақ рәм түркі әлемінің ортақ дүниетанымдағы көптеген тылсым заңдылықтар суреттеледі. Рухани-фәлсафалық баняға негізделген көркем романның сюжеті тағылымды, тылсым әрі қызықты. Сонымен қатар, автор, Яссауи,Мәшһүр Жүсіп, Құнанбай, Абай сынды т.б. көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларына соны көзқарас ұсынады. Кітап ұлт тарихы мен рухани дамуды көздеген барша оқырманға арналады. |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 02.10.2024 |
Аютамыр - Асқар Алтай |
Аютамыр - Асқар Алтай Жазушының бұл кітабына автордың тұңғыш әңгімесі «Құланның ажалы» енді. Сонымен бірге "Дегелеңдегі қызыл күн«, «Прописка», «Кентавр», әдебиет хрестоматиясына кірген «Бөкентұмсық», «Казино» т.б. әңгімелері жарияланып отыр. Сондай-ақ атасымен аңға барған, аңшылықта талай қиыншылыққа тап болып, оны қажырлылықпен жеңген Архат деген баланың тағдырын бейнелеген «Қызыл бөлтірік» повесі, түйе малының таңғажайып сезімталдығы туралы, бота күнінен сүйіп өскен жас қыздың «Қара бурасының» қасіретті тағдыры жайындағы повесть жасөспірім қиялын ұштары сөзсіз. |
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 02.10.2024 |
Лаура Сейітбек, Роза Аширбаева - Сен жалғыз емессің |
Лаура Сейітбек, Роза Аширбаева - Сен жалғыз емессің Бұл кітап өзіне, өзінің отбасылық өміріне, айналысып жүрген шаруасына, тапқан табысына, жақындарына, күйеуіне көңілі толмай, күш-қуаты азайып, тез шаршап жүрген қыз-келіншектерге арналады. Өмірде түрлі мәселеге тап болып, шешімін таппай қиналып, күйзеліске ұшырап, сәтсіздікке ұрынған әйел затының жалғыз еместігін, оған барлық тараптан қолдау бар екендігін ашық дәлелдейтін таптырмас құрал. Қыз-келіншектерге арналған осы кітаптың басты ерекшелігі - бірнеше бағытты қамти отырып, психология, мотивация, тұлғалық даму және өзімен жеке жұмыс істеу бойынша көптеген кеңес беру. Тек теориялық кеңес беріп қана қоймай, іс жүзінде оқырманды шынайы нәтижеге жеткізу. |
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024 |
Қайруллақызы А.: Жүректің көзі ашылса |
Қайруллақызы А.: Жүректің көзі ашылса Бұл туындыда Алла Тағаланың жаратқан жаратылыстарына сенімді ғылыми деректер арқылы таңдана, тамсана отырып терілген тұшымды ойлар мен соған сәйкес практикалық амалдар келтірілген. |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024 |