Кітаптар

Кехо Джон - Түйсігіңмен ойла

Кехо Джон - Түйсігіңмен ойла Канадалық психолог Джон Кехоның кітабы толығымен ой, ми, сана туралы. Миды өзгерту арқылы қандай табысқа жетуге болатынын мәлімдейді.
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024

Балтабай Б.: Жүрек тыныштығы

Балтабай Б.: Жүрек тыныштығы Ақылым тасығандықтан емес, жүріп өткен жолымда қателікті көп жібергендіктен кітап шығаруым керек деген ойға беки түстім.Қателік есті адамға сабақ болады. Бұл кітапта жіберген қателіктерімнен қалай сабақ алғанымды жаздым. Қалай өзгергенімді, қалай рухани өсу жолына түскенімді баян еттім. Әр қателігін түзей алған адам әлі де қателік жібермегені. Мен соған сенем. Бәлкім, бұл кітапта сипатталатын жағдайлар оқырманның да өмірін, ойын өзгертуге септігін тигізер?!
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024

Аида Мұхтарқызы - Сенің саулығың сенің миллиондарың

Арыстанова Аида жалпы тәжірибелік 1 санатты дәрігер, белгілі нутрициолог, интегративті-превентивті доктор, превентивті медицина дәрігерлерінің халық- аралық ассоциациясының мүшесі. Алғашқы кітабында ол денсаулықты қалпы- на келтіру барысында ағза тазалаудың атқаратын рөліне айрықша тоқталады. Ағзаға диагностика жасауға мүмкіндік беретін қарапайым тестілерді ұсынады. Кез келген адам кітаптан алған білімін үйде отырып-ақ пайдалана алады. Ең бастысы, оқырман енді дәрігердің қабылдауына барғанда абдырап отырмайды. Ол қандай сұрақ қоюды, нені талап етуді, не нәрсеге мән беруді, денсаулыққа келгенде әр деталь маңызды екенін түсінеді. Бұл дәрігер мен пациенттің бір ымыраға келіп, жақсы нәтижеге қол жеткізулеріне әсер етері сөзсіз.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024

Дэниел Дж, Тина Пейн Брайсон - Ақылды бала

«Ақылды бала» кітабында бала миы қалай жұмыс істейтіні және даму барысында қандай кезеңдерден өтетіні туралы айтылады. Авторлар-медицина ғылымдарының докторы, көптеге марапаттарға ие болған педагог әрі балалар психологы Дэниел Дж. Сигел мен балалар мен жасөспурумдердің тәжірибелі психотерапевті Тина Пейн Брайсон баланың тентектігі мен еркелігінің астарында не жататынын ашып түсіндіре отырып, осы бағыттағы ғылыми-танымдық теорияларды түсінікті тілмен баяндайды. Оны түсініп оқыған адам бала тәрбиесінің қыр-сырын толығымен білетін болады.
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024

Рахымбаев А.: Нені оқымау керек?

Рахымбаев А.: Нені оқымау керек? Автор бұл кітапта артық ақпарат пен мақсатқа сай емес білімнің пайдасыздығы мен психологиялық және физиологиялық салдарына ғылыми дәлелдер келтірген.Күш-қуат, ақыл-ой және уақытты үнемді жұмсау арқылы артық білімнен құтылу мен пайдалы білімді алу жолдарын нақты көрсеткен.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика