Кітаптар
Лондон Джек - Ақ азу |
Америка әдебиетінің классигі Джек Лондонның шытырман оқиғалы повесінде қасқыр мен иттің бөлтірігі – Ақ Азудың ба- сынан өткен оқиғалары суреттеледі.Көзін ашып, қатыгез ортаға тап болған ол бірнеше мәрте өлім аузынан аман қалып, тіршілік заңымен етене танысып, адамдардан пана табады. Автор әлемге Ақ Азудың көзімен қарайды, Ақ Азу болып сезінеді, Ақ Азу болып өшігіп, Ақ Азу болып жақсы көреді. Кітап адам мен түз тағысы арасындағы жүрек тебіренткен махаббат пен адал достықтың құдіреті туралы. |
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024 |
Джей Хайнрихс: Дәлелді сөйле |
Джей Хайнрихс: Дәлелді сөйле Саясат, жарнама, толассыз ақпарат көзі, тіпті отбасымыз болсын, әркім әрқашан бір нәрсеге көзімізді жеткізіп, иландырғысы келеді. Бұл кітапта пікірталас арқылы өзгелердің қолдауына қалай ие болудың түрлі амалы көрсетіледі. Сөз сөйлеуде қателеспей, аудиторияның назарын аударғыңыз келсе, осы кітапты оқыңыз. |
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024 |
Клир Дж.: Атом әдеттер. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен |
Клир Дж.: Атом әдеттер. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Адам бір тиыннан байып кете ме? Сіз, әрине, «жоқ» дерсіз.Ал егер сол тиынға тағы бір тиын қосса ше? Оның үстіне тағы бір тиын қосса? Әйтеуір бір кезде сан сапаға ауысары анық. Енді болмашы бір өзгерістің бүкіл өмірді түбегейлі өзгерткенін елестетіп көріңізші. Адам сенбейді! Бірақ тамшының тасты да тесетіні сияқты, тұрақты әрекет үлкен нәтижелерге әкеледі. Атом әдеттер – кішкентай өзгерістердің көлеңкесіндегі алпауыт күш! Өзгерсем деп қанша тырыссаңыз да, қолыңыздан келмеді ме? Өзіңізді кінәламаңыз. Джеймс Клир әдеттер, мотивация және ерік-жігер туралы мифтерді бұзады. Осы кітапта ол ғылыми мәліметтерге, зерттеу нәтижелеріне, жеке тәжірибесіне және табысты адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, жақсы әдетті қалай тез үйреніп, зиянды әдеттердің тамырына балта шабуды қарапайым да түсінікті тілмен түсіндіріп береді. |
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024 |
Мэдсен Пири. Пікірталас өнері. Қателесіп тұрсаңыз да, жеңіске жетесіз! |
Мэдсен Пири. Пікірталас өнері. Қателесіп тұрсаңыз да, жеңіске жетесіз! Оқуға тиіс 10 кітап: Мазмұндама – Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық қоры, 2021. – 284 б. Бұл кітап— кез келген пікірталаста өзмүддеңізді қорғауға көмектеседі. Логиканы аргумент ретінде қолдану бойынша толық практикалық нұсқаулық. Адамдардың жеңіліп тұрсада, логика арқылы өзмүдделерін қалай қорғағаны туралы көптеген мысалдар таба аласыз. Өзмүддеңізді қорғап, өзгелердің алдында ерекше зиялы, терең білімді екенініңізді көрсетіп, күрмеуі қиын жағдайдан оңай сытылып шыққыңыз келсе, осы кітаппен қаруланыңыз. |
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 23.09.2024 |
Колубекова К.С. Саялы бағым Сарқаным |
Онлайн |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Виртуалды көрме Уақыты: 04.03.2024 |