Оқиғалар

«КІТАП шоу-2024»

«КІТАП шоу-2024»
03.09.2024
24
Аксуская районная библиотека
Ақсу аудандық кітапханасы мен Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «КІТАП шоу-2024» фестивалі өтті. Іс-шараға Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Қасымбеков Нұрбол Нұрбекұлы, кітапхана оқырмандары, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының, «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» КММ-нің жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Аудандық кітапхана библиографы Гүлшат Тұрсынқызы «Тұғыры биік тұлғалар» атты кітап көрмесімен таныстырып, арнайы библиографиялық шолу жасады. Көпшілік көрермен арасында зияткерлік ойындар ойнатылды. Кітапхана оқырмандары кеш қонақтарына жыр шашу арнап, кітапхананың тұрақты оқырмандары Айқын Ілияс пен Құрайыш Бекболат күй орындады. Мың бұралған биші қыздар «Қазақ биін» билеп, Аудандық қобызшы Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің қызметкері Нұрлан Толқын ән шырқады. Іс-шараны кітапхана басшысы Дүйсекова Эльмира Жұмағазықызы қорытындылап, шараға белсенді қатысқан оқырмандарды «Алғыс хаттармен» марапаттады. Шараға 50 адам қатысты.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика