15.10.2024
Аксуская районная библиотека
15 қазан күні Ойтоған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, қазақ поэзиясының құлагері - Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай 1 - 11 сынып оқушылары арасында "Өлеңнің өрен жүйрігі" атты байқауы өтті.
Байқаудың ашылуы "Шилі өзек" композициясымен, шашу шашылып, мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушілері: Самалбек Фатима, Жұмабек Айару Ілияс өлеңдерін оқып беруімен ашылды.
Байқауда қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты.
I кезең: «Талап» іріктеу кезеңінде ақынның 10-20 өлеңдерін жатқа айту.
II кезең: «Білім» сұрақ-жауап кезеңі Ілияс Жансүгіровтің өміріне және шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру.
III кезең: «Өлеңнің өрен жүйрігі» кезеңі әр талапкерге жеребе арқылы Ілиястың өлеңі беріліп, сол өлеңді жатқа, мәнерлеп оқып беру.
Байқауға аудандық кітапхана директоры Дуйсекова Эльмира Жумагазиевна, аудандық кітапхана директорының орынбасары Сулейменова Шолпан Маратқызы, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Жиенбаева Гүлнар Қасымханқызы, Ілияс Жансүгіров мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Шешенгелдинова Асель Турсыновна әділ қазылық етті. Жүлделі орындар бастауыш сыныптары арасында :
Бас жүлде - Нұрлан Зере
1 орын- Тынысбек Мейрам;
2 орын - Рахым Асылым;
3 орын - Бақытжан Айару; Арнайы жүлде - Мақақызы Жанай. Үлкен сыныптар арасында:
Бас жүлде - Ербол Арна;
1 орын - Рахым Айару;
2 орын - Асқар Лаула;
3 орын - Қуантай Серікжан;
3 орын - Жұмахан Нұрислам; Арнайы жүлдеге - Шекен Ерсұлтан ие болды.
Байқауға 40 оқушы қатысып, оза шыққан жеңімпаздар сыйлық, ақшалай сыйлық, диплом, алғыс хаттармен марапатталды.