29.10.2024
Аксуская районная библиотека
29-шы қазан күні Жетісу облысы С. Сейфуллин орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қалалық Д. Рақышев атындағы филармониясында «Кітапханашы-мәртебелі мамандық» атты мерекелік кеші болып өтті. Шара барысында Жетісу облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы аудандық кітапханалар мен кітапханашы мамандарды марапаттау рәсімін өткізді. Жыл қорытындысы бойынша аталған шарада: Ақсу аудандық кітапханасы «Көшбасшы кітапхана» номинациясын иеленсе,Ақсу аудандық кітапхана қызметкерлері:
Ақсу аудандық кітапханасының директордың орынбасары Сулейменова Шолпан Маратовна- Орталық кәсіподақ комитетінің «Еңбек даңқы»төсбелгісімен;
Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Тұрсынқызы Гүлшат- «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен;
Суықсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Мамбетова Бакытгуль Касымжомартовна-«Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен;
Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Тұрсынқызы Гүлшат-«Үздік библиограф» номинациясымен;
Ақсу аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Абдрахманова Бакытгул Абилхамитовна – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Алғыс» хатымен;
Молалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Барысова Гульнар Ешмухамбетовна-ҚР Ұлттық кітапханасының Қазақстандық кітапханалық одағының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен;
Ақсу аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Рахипбекова Сабира Керимбаевна- ҚР Ұлттық кітапханасының «Құрмет грамотасымен»;
Ақсу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Райымкулова Әсел Әлімқызы -Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Құрмет грамотасымен»;
Көшкентал ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тустебаева Әлия Әділбекқызы-Жетісу облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Алғыс хатымен»;
Қаракөз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Абеева Багдагул Жумагалиевна-Орталық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен;
опа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Карашбекова Мархабат Асетовна- Орталық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапат алған әріптестерді құттықтаймыз!!!