Оқиғалар

«Кітап оқып біліміңді шыңда » атты кітап оқу байқауы

«Кітап оқып біліміңді шыңда » атты кітап оқу байқауы
29.11.2024
35
Аксуская районная библиотека
Ақсу аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қараша айының 29 шы жұлдызында «Ақын Сара » атындағы жастар мәдениет үйінде «Кітапқа құштар тұлға бол!» кітап оқытуды дамыту жобасы аясында Ақсу аудандық кітапханалары арасында онлайн өткен «Кітап оқып біліміңді шыңда » атты кітап оқу байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың алғы сөзін Ақсу аудандық кітапхана директорының орынбасары Сулейменова Шолпан Маратқызы құттықтау сөзімен бастап қатысушыларға сәттілік тіледі. Оқырмандарды кітап оқуға дағдыландыру, қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен сайыстың 3 кезеңінен өткен 11-12 жас аралығындағы топтан 8 оқырман қатысса, 13-14 жас аралығындағы 2-ші топтан 7 оқырман қатысып білгірліктерін көрсетті. Байқауға қатысып үздік нәтиже көрсеткен 11-12 жас аралығында ???? I-орын Есен Айару Б.Сырттанов ауылдық кітапханасы ???? II-орын Алмабек Айназ Ойтоған ауылдық кітапханасы ????III-орын Әлімақұн Нұршаш Көшкентал ауылдық кітапханасы 13-14жас аралығында ????1-орын Жұмахан Кәусар Ойтоған ауылдық кітапханасы ???? 2-орын Әлибек Таңдана Арасан ауылдық кітапханасы ???? 3-орын Саматқызы Аяулым Көкөзек ауылдық кітапханасынан қатысып дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, белсенділік танытқан басқа қатысушыларға алғыс хат берілді. 41 нед.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика