Оқиғалар

«Жыр құлагері – Ілияс»

«Жыр құлагері – Ілияс»
03.09.2024
24
Аксуская районная библиотека
16 тамыз күні Ақсу аудандық орталық және балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жыр мекені жайсаң Ақсу елінде туған, жерлесіміз жыр дүлдүлі Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Жыр құлагері – Ілияс» атты поэзия кеші «Ақын Сара» мәдениет үйінде өтті. Шараға кітапхана оқырмандары мен Ақсу жастар филиалынан жастар келіп қатысты. Қазақтың сөз өнерінде қайталанбас қол таңбасы бар ақын шығармашылығына арналған «Жырдың жарық жұлдызы» атты кітап көрмесімен Ақсу аудандық орталық кітапханасының библиографы Гульшат Тұрсынқызы таныстырды. Ілияс ақынның өз елі, өз жерінің байлығы мен сұлу табиғатының әсем көріністерін суреттейтін өлеңдерін бір топ оқырмандар жатқа мәнерлеп нақышына келтіре оқыды. Ұлы ақынның мұраларының ішінде ең шоқтығы биік поэмаларының бірі "Құлагер" поэмасынан үзіндіні Бақберген Аруна оқыды. Кеш соңында Есімханұлы Қалқаманның орындауында «Қазақстаным Отаным» әні мен, Фазылжан Ұластың орындауында Құрманғазының «Адай» күйі орындалды. Ақсу аудандық кітапханасының директоры Дуйсекова Элмира Жұмағазықызы мен Ақсу жастары филиалының жетекшісі Тлеубергенова Балғын Айдарқызы Ілияс аталарының мерейтойына арнайы өткен шараға өлең оқып ән айтқан оқырмандарға кешке қатысқан қонақтарға алғыстарын айтып тілектерін білдірді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика