03.09.2024
Аксуская районная библиотека
20 тамыз күні Ақсу аудандық орталық кітапханасы мен аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақын Сара» атындағы мәдениет үйінде қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шәкірттерінің шығармашылығына арналған «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша жатқа мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы , Мағауия Абайұлының шығармаларын жатқа оқып тұлғалық қасиетті насихаттау. Ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу бағытында сайысқа 8-13 жас аралығындағы ауданнан ауылдан келген 9 - оқырман қатысты.
Байқаудың ашылу сәтін құттықтау сөзбен қатысушыларға сәттілік тілеп Ақсу аудандық кітапхана директоры Дуйсекова Эльмира Жұмағазықызы ашты.
Байқау 2 кезең бойынша өткізілді.
1. «Ақынға арнау», (қатысушының өз таңдауы бойынша)
2. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Ш.Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқыды.
Әділ қазылардың бағалауымен сайысқа қатысушы оқырмандар дипломмен , алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
I- орын Талғат Әмина Бекзатқызы Қаракөз ауылдық кітапханасы
II-орын Арап Инабат Көкөзек ауылдық кітапханасы
III- орын Шора Бек Берікұлы Егінсу ауылдық кітапханасы
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» наминациясымен Бақберген Аруна, басқа да қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!