5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастырумен «Тіл – достықтың тірегі» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Г.Тұрсынқызы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітапхана оқырмандары өлең оқып, қызықты ойындар ойнап, әсем күй тыңдады.