Оқиғалар

«Ел қорғаған-Ер Бөрібай»

«Ел қорғаған-Ер Бөрібай»
23.09.2024
91
Аксуская районная библиотека
Қыркүйек айының 14-і күні Ақсу аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Бөрібай батырдың 330 жылдығына арналған «Ел қорғаған-Ер Бөрібай» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция болып өтті. Конференицяның алғашқы сөзін Ақсу ауданының әкімі Тынышбаев Берік Тынышбайұлы алып барша қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтап,өткізіліп жатқан шараның маңыздылығын атап өтті. Ары қарай сөз кезегін конференцияға арнайы шақырылған қонақтар; 1. Қазақстан журналисттер одағының мүшесі, Ақсу ауданының құрметті азаматы- Дүйсен Мұхаметшарұлы «Бөрібай сыбағасы» 2. Ақсу ауданының Құрметті азаматы, тарихшы- Болатхан Боранбайұлы «Үш жүзге ұран болған ер Бөрібай» 3. Тарихшы, өлкетанушы, шежіреші- Толымбетов Жемісбек Дулатбекұлы «Бөрібай-тарихта» 4. Зерттеуші- Нұрахметов Ерден Қыдырбекұлы «Бөрібай ізбасарлары» тақырыбындағы баяндамаларымен алды. Атаулы шараның қорытындысында М. Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде Ақсу аудандық кітапханасы «Елге қорған, ерлікке ұран болған Бөрібай батыр» тақырыбында кітап көрмесі мен кітап жәрмеңкесін ұсынса, Ақсу халық театры драматург Айдын Рысбекұлының «Бөрібай» пьесасын барша қатысушылар мен көрермендерге паш етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика