Оқиғалар

«Жанымның жарасы-Ауғаныстан»

«Жанымның жарасы-Ауғаныстан»
02.09.2024
21
Аксуская районная библиотека
Ақсу аудандық кітапханасының ұйымдстыруымен ақпан айының 13-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Жанымның жарасы-Ауғаныстан» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.Кешке Ауған соғысының ардагерлері Құсайынов Серік, Мусекенов Ерлан ағаларымыз қатысты. Шара басында Ақсу аудандық кітапхана директоры Э. Дуйсекова алғы сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнады. Соғыс кезінде қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, кеш ары қарай жалғасын тапты. Шара барысында жауынгерлердің ерлігіне арналған бейне ролик ұсынылып, оқырмандар өлең жолдарын арнаса, орталық кітапхана библиографы Г. Тұрсынқызы Ауған соғысына арналған көрмесін оқырмандарға таныстырды. Кеш соңында ардагерлерімізге сый-сияпат табысталып, Ақсу аудандық мәдениет үйінің қызметкері Т. Нұрланұының «Отаным» әнімен аяқталды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика