«Туған жер - тұнған шежіре»
02.09.2024
Аксуская районная библиотека
Ақсу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 16 наурыз күні жерлесіміз, балалар жазушысы, Ақсу өңірінің тарихы мен әдебиетін зерттеуші, өлкетанушы, шежіреші, публицист Толымбеков Жемісбек Дулатбекұлымен «Туған жер - тұнған шежіре» атты кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараға Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Даулетбекова Күләйхан Тұрсынбекқызы, Ақсу ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Арнай Кәрімұлы, «Ілияс» қорының төрағасы Мұсабаланов Ғабит Ахметқожаұлы, Қапал ауылының тұрғыны, зейнеткер, Қапал Арасан шипажайына еңбегі сіңген бас дәрігері болған Мулюков Гариф Аминович, Қапал ауылындағы «Ақын Сара» мемориалды музейінің директоры Алимбаева Айгүл Төлегенқызы, Ақсу өңірі газетінің бас редакторы Қасымбекова Ләззәт, Ақсу өңірі газетінің тілшісі Сымханов Ербол, сондай-ақ, Ақсу ауданының зиялы қауымы, тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар, кітапханашылар мен жалпы кітап сүйер қауым қатысты.
Кеш барысында Толымбеков Жемісбек Дулатбекұлының «Біржан-Сара» кітабының тұсауы кесілді. Ақсу аудандық кітапханасының библиографы Гүлшат Тұрсынқызы «Өлке тарихының тарланы» атты кітап көрмесімен таныстырып, арнайы библиографиялық шолу жасады.
Аталмыш шара барысында оқырмандар Толымбеков Жемісбек ағамызбен сұхбаттасып, сұрақтар қойылып, өзінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылығындағы қызықты әрі пайдалы мәліметтермен бөлісті. Молықбай Байсақұлы атындағы мәдениет үйінің қызметкері Китапьиянов Жасұлан өзінің тамаша әнімен кешті қорытындылады.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясының аясында Толымбеков Жемісбек ағамыз кітапхана қорына «Аталулы аудан Ақсу», «Біржан-Сара», «Дәнекерім Тәнеке» т.б 10 нан аса кітаптарын сыйға тартты.