01.10.2024
Аксуская районная библиотека
Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні «Еңбек күні» мерекесі ретінде атап өтіледі. Атаулы күннің аясында Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастырумен «Еңбегімен елге сыйлы» атты кездесу өтті.
Кездесу кешінің қонағы — өмір жолы үлгі - өнегеге толы кітапхана саласының ардагері, «Еңбек адамы», «Қазақ мәдениетінің қайраткері», «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісінің иегері , зейнеткер Бейсебекова Айгүл Төлеубайқызы.