Оқиғалар

«Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы»

«Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы»
01.10.2024
24
Аксуская районная библиотека
Ақсу аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 10 тамыз Абай күніне орай «Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы» атты әдеби марафон өтті. Шараға «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының, «Aqsu jastary» филиалының, «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» КММ Ақсу филиалының қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында оқырмандар назарына Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян ұсынылды. Ақсу аудандық кітапхана библиографы Г.Тұрсынқызы арнайы дайындалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар ақынның ойы терең, тілі өткір қара сөздерінен және өлеңдерінен үзінді оқыды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика