01.10.2024
Аксуская районная библиотека
10 шілде күні Ақсу аудандық балалар кітапханасы «Тыңда ертегі балақай!» ертегі оқытуды дамыту жобасы аясында «Әжемнің айтқан ертегісі» атты «Айжұлдыз» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен ертегі оқу сағатын өткізді. Кітапханашы Г. Жиенбаева «Қара қонжық», «Ұсқынсыз үйрек» ертегілерін оқып беріп балалардың ой өрісін дамытуға суретті кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті. Соңында түрлі-түсті безендірілген кітаптарды көріп қызыға танысты.