24.10.2024
Алакольская районная библиотека
25 қазан Республика күніне орай Алакөл ауданындағы Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға Алакөл аудандық орталық кітапханасы "Асқақтай бер айбынды Қазақстан" атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге еліміздің рәміздері, Тәуелсіздігіміз туралы, туған жер, туған елге байланысты энциклопедиялар мен кітаптар қойылып, оқырмандарға насихатталды. Мыс: Н. Айтұлының " Ту", А.Айталының " Елтаным", 3 томдық "Тәуелсіздік шежіресі" кітабы, сондай-ақ "Қазақстан - қарашаңырағым", " Мен қазақ елінің азаматымын", "Менің елім Қазақстан", "Көк тудың желбірегені" кітаптары мен дәйек сөздер қойылды. "Республика күні - елдігімізді нығайтатын ұлттық мереке",- деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еліміз мәңгілік жасай берсін, дами берсін, қыран елім Қазақстан!