Оқиғалар

"ІЛИЯСТЫҢ ІЛІМІ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ" ТЕЛЕКӨПІР

19.11.2024
9
Алакольская районная библиотека
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасынан бастау алған үш бәйтеректің бірі ақын Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай “Ілияс Жансүгіров және ұлттық құндылықтар” кітап фестивалінің аясында Алакөл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен “Ілиястың ілімі. Қазақ әдебиетіндегі орны” атты телекөпір өтті. Телекөпір Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық орталық кітапханасымен өткізілді. Шараға Алакөл ауданының құрметті азаматы, ақын Тезекбай Садиев Жанасылұлы, ақын Иманғалиев Қанатай Абяхметұлы, ауылдық кітапханашылар, Балалар шығармашылық орталығы мен Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің 10 – сынып оқушылары қатысты. Кешімізге келген ақындарымыз жырдан шашу шашып, ақ баталарын берсе, балалар шығармашылық орталығының оқушыларының орындауында ақынымыз Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерінен үзінділер оқылып, кітапхана қызметкерлерінің дайындаған «Күйші» поэмасынан сахналық көріністі тамашалады. Қармақшы ауданының кітапханашылары дайындаған шараларын көрсетіп, Қармақшы аудандық орталық кітапхана директоры Қаниева Күлшара Бөгенбайқызы сөз алып, "Кітапханалар арасындағы ынтымақтастығымыз жалғасын табар шараларға ұлассын" деп тілегін білдірді. Сонымен қатар кітапханамыздың библиографы Айгул Қабидоллақызы кітап көрмесімен таныстырып өтті. Кешіміздің соңында аудандық кітапхана директоры Ж.Омарова кешімізге қатысушыларға алғысын білдіріп, алғыс хаттармен сыйлықтарын табыс етті. Шараға қатысқандар :37
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика