Оқиғалар

"КІТАПХАНА ТҮНІ"

12.12.2024
10
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана түні» өтті. Іс шарада мектеп оқушыларын кітап оқуға ынталандыру үшін түрлі қызықты ойындар өтті. Сонымен қатар Алакөл ауданының балалары түрлі костюмдер киіп, қойылым көрсетті. Ұйымдастырушылар дәстүрлі киіммен қымыз ұсынып, оқушыларға қызықты сұрақтар қойды. Шара соңында ақын Қадырсұлтан Нүсіпханды кеш қонағы ретінде шақырып балаларға өнегелі әңгімелер айтылды. «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген сөзді ту еткен аудандық кітапханашылар осылайша тағы да оқырманның ынтасын ашу үшін шаралар өткізіп жатыр.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика