Оқиғалар

МАҚСАТ ҚАДЫРДЫҢ "ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ" атты КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

МАҚСАТ ҚАДЫРДЫҢ
02.12.2024
14
Алакольская районная библиотека
Жыланды ауылдық мәдениет үйінде ақын, аудандық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Мақсат Қадырдың "Қасқырдың қайырымы" атты кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсімінде алғашқы сөзді Алакөл ауданының құрметті азаматы, Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты бірнеше кітаптың авторы Марат Жүніс-Бек бастап, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Копчикбаев Жанаш ақсақал батасын беріп, аудандық кітапхана директоры Омарова Жанар Мелсқызы аудан әкімінің орынбасары М.Т.Төлеужановтың құттықтау хатын табыстап, аудандық мәслихат депутаты Даутбаева Салтанат Қапасқызы құттықтап, кітаптың тұсауы кесілді. Ауыл әжелері шашу шашып, Жыланды мектеп-лицейінің директоры Рапилова Эльмира Жанатқызы ауыл тұрғындары атынан ақынға шапан жапса, ақынның сыныптастары атынан Алматы қалалық Алмалы аудан сотының бастығы Нұрланұлы Нұржан, аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Копчикпаев Самат және Жетісу облысы Жастар ресурстар орталығының басшысының орынбасары Оразиманов Серік құттықтады. Ақын достары ақын Айбек Құттыбек , Көлбай ауылының әкімі Ержан Шакеров, Көлбай ауылдық мәдениет үйінің директоры Ғабит Жиенбай тілектерін айтса, ақынның жырларын мектеп оқушылары жатқа айтып, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашты. Ақын Мақсат Қадыр өз өлеңдерін оқыса, анасы халыққа ризашылығын білдірді. Шарада 67 адам қамтылған.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика