27.12.2024
Алакольская районная библиотека
Алакөл аудандық орталық кітапханасы мен «Алакөл-Экоситемасы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бектемисова Куляра Жұмжұмақызының ұйымдастыруымен «Жауапты әке болуды қалай ояту керек?» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кітапханашы Анар Жақанбайқызы «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі шарамызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі зор екендігі туралы ақпараттар беріліп, кешімізге қатысқан ауданымыздың зиялылары өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Шара соңында кітапханашы Ақын Назерке сұрақ-жауап алып, қызықты тренингтер жүргізді.